MEDRESE.KZ Жаңалықтар ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ МЕДРЕСЕ ТӨРІНДЕ АТАЛЫП ӨТТІ.

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ МЕДРЕСЕ ТӨРІНДЕ АТАЛЫП ӨТТІ.

Сарыағаш медресе колледжінің ұйымдастыруымен “Қош келдің, әз Наурыз” атты мерекелік іс-шара ауқымды көлемде аталып өтті. Думанды жиынға медресе колледж директоры Дінмұхаммет Сманов пен оқу орынның ұстаздары қатысты.

Алғы сөз Құранмен басталып, барша жұртшылық қол жайып дұға етті. Ұлыстың ұлы күнінде патриоттық сезімді нығайту мақсатында ҚР мемлекеттік әнұраны орындалды. Аталған салтанатты шарада қазақтың ұлттық ойындары: тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, арқан тартыс, кір тасын көтеру сынды спорттық жарыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ жеңімпаздарға медресе колледж атынан арнайы алғыс хат беріліп, сыйлықтар табысталды.

Related Post

“Наурыз тарту” атты ұлттық тағамдардан дәм тату байқауын ұйымдастырды.“Наурыз тарту” атты ұлттық тағамдардан дәм тату байқауын ұйымдастырды.

Ұлыстың ұлы күнінің қарсаңында медресе шәкірттері ұстаздарымызбен бірігіп “Наурыз тарту” атты ұлттық тағамдардан дәм тату байқауын ұйымдастырды. Атаулы шараға ұстаздарымыз келіп, арнайы пісірілген халқымыздың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Осылайша, ұлттық

Тәуелсіздікке 30 жыл / Егемендік жылдарындағы 30 жетістік / «Сарыағаш» медресе-колледжіТәуелсіздікке 30 жыл / Егемендік жылдарындағы 30 жетістік / «Сарыағаш» медресе-колледжі

Биыл еліміздің егемендік алғанына 30 жыл. Әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!