MEDRESE.KZ Жаңалықтар ҰСТАЗ ЕРКІН КАДИРОВ|ҚҰРАНҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

ҰСТАЗ ЕРКІН КАДИРОВ|ҚҰРАНҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

Қасиетті Құран Кәрім – он төрт ғасырдан бері мұсылмандар үшін рухани бастама және шабыт көзі. Бұл – Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи ретінде түсіп, әлі күнге түпнұсқа күйінде сақталған бірден-бір кітап. Әрбір мұсылман үшін һәм жалпы мұсылман үмбеті үшін маңызды.

Осы ретте Құранды оқудың, жаттаудың, ұстанудың, зерттеудің, оған деген үнемі сүйіспеншіліктің, оның аяттарының мағыналары мен құпияларына ой жүгіртудің артықшылығы біз ойлағаннан да көп екендігін айтқымыз келеді.

Құран аяттары – Жаратушының сөзі, сондықтан Алла Тағала оларды адамдар тарапынан жасалуы мүмкін бұрмаланулардан қорғайды. Бұған дәлел ретінде Құрандағы:

«Расында Құранды Біз қорғаушымыз»[1] аятын келтіруге болады.

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Құран Кәрімді оқудың маңыздылығы жайлы көптеген хадистерінде айтып өткен. Сондай-ақ, «қоштасу құтпасында»: «Мен сендерге егер нық ұстасаңдар еш адаспайтын екі нәрсе қалдырып барамын, ол – Алланың Кітабы (Құран Кәрім) және менің сүннетім»[2] — деп, барша үмметіне аманат ретінде табыстаған.

Related Post