Өткен заманда бір жігіт болған екен. Күндердің күнінде есігінің алдына дән егіпті. Арадан бір шама уақыт өткесін  әлгі дән өніп шықты. Жігіт ұрыққа әлсін — әлсін су құйып тұрады. Бірақ бірнеше күнннен  соң еккен дәнін қараса, тікен екен.

Мұны көрген ауылдастары  жігітке тікенді алып тастауға кеңес береді. Бірақ жігіт оларға мән бермейді. Тікен күннен күнге өссіп бұтақтайды, өткен кеткендердердің киімін іліп қолдарына кіріп зиян жеткізеді. Жігіт бұған мән бермей жүре береді. Уақыт өте келе тікенге су құйюдың қажеті болмайды ол өзі жерден нәр алып өседі. Талай күндер артта қалып, тікен жайылып өсіп, жігіттің есігінің алдына ешкім келмей қояды. Осы уақыт ішінде жігіт перзентті болады. Балалары да тікенге үйреніп өсе бастайды. Бұл жағдай сол жұрттың патшасының құлағына жетіп, жігітті өзіне шақыртып тікенді шауып тастауды бұйырады. Жігіт патшаға тікенді түбімен шауып тастауға уәде береді. Бірақ надандығына салып арада біраз уақыт өтеді. Сөйтіп жүргенде арадан және біраз жылдар өтеді. Жігіт ел ағасы болып  немерелі болады. Күндердің күнінде  тәй- тәй басып келе жатқан немересі тікенге құлап үсті басы тілім-тілім болады мұны көрген баласа әкесіне ашуланып тікенді шауып тастауға бел буады.  Әке бала іске кіріседі. Бірақ тікеннің тамырлары жерге мықтап жайғасып алған еді. Әке тез  шаршап қалады, екеулеп әуре сарсаңға түсіп тікеннің жартысын да шауып алалмады. Олар бірнеше күн әуреленіп ақыр соңында тікенді шауып тастады. Әке- бала  көңілі орнына түсті. Арада біраз күн өткесін жауын жауып  өтеді де, шабылған тікеннің орнынан майда тікендер өне бастады. Әке оларды тез жұлып тастады, бірақ бұл жағдай қайталанып тұрды. Шал өмірінің соңынан дейін тікендерді жұлумен әуре болды. Әке дүниеден өткесін бұл іс баласына қалды. Баласы көңіл бөлмесе, тікендер қаулап бұтақтап кетеді. Ол енді ,өсіп ержеткен ұлдарында тікенді жұлуға бұйырды. Ауылдастары бұларға «әке-бала тікеншілер» деп ат қойды. Тікен болмаса да ескі әдет бойынша олардың есіктері алдына ешкім келмей қойды. Көрдіңіздерме бұл әңгімедегі тікен негізінде жаман әдет. Егер біз жас шағымыздағы жаман   әдеттен күш қуатымыз барында  арылмасақ ол ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып мирас болып қалады.

 

 

Related Post

Шәкірттерді қызметке шақырдыШәкірттерді қызметке шақырды

Сарыағаш медресе-колледжінде сегіз жүзге жуық студент бар. Олардың жартысы тоғызыншы сыныптан кейін оқуға түскен. Жер-жерден келген шәкірттер  «Исламтану» мамандығын меңгеріп шығады. Сарыағаш медресе-колледжінің түлектерін тартып, облыста туындап жатқан кадрлық тапшылықты шешу

27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні. Қасиетті түні Сарыағаш Ислам Орталығында ақшам уақытынан таң намазына дейін уағыздар айтылып, дұға жасалады.