MEDRESE.KZ Жаңалықтар 1 мамыр Бірлік күні!

Дінаралық және ұлтаралық түсіністік – Ислам дінінің негізгі жолының бірі. Алла тағала Құран Кәрімде «Сіздерді біз бір атадан, бір анадан жараттық, бір-біріңмен танысып, білісу үшін түрлі ұлттарға, руларға бөлдік» дейді.

Барша мұсылман бір-біріне туыс, бауыр. Сонымен қатар, көршімен және басқа да діндегілермен өзара қарым-қатынас сияқты мәселелердің жол-жобасы бізге белгіленіп берілген.

Қасиетті кітабымыз Құранда бірлік туралы көп жерде баяндалған. Соңғы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де адамзаттың ауызбіршілігі уағыздалған. Алла Тағала «Әли Имран» сүресінде: «…Бөлінбеңдер», – деп бұйырған.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «…Көпшілікпен бірге болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар», – деп өсиет еткен. Дін ғұламалары қашан да барша адам баласын мейірімділікке, ортақ мақсатқа үндеген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өз кезегінде жамағатты әркез бірлікке шақырып, жақсылыққа үндеп келеді.

Related Post

Абдуғаппар Сманов арыстықтарға көмек көрсетті…Абдуғаппар Сманов арыстықтарға көмек көрсетті…

700-ден астам студентті тегін жатақхана, үш мезіл тамақпен қамтамасыз етіп келе жатқан Сарыағаш медресе-колледжінің директоры Абдуғаппар Сманов та жұрттан қалыспай, арыстықтардан көмегін аянып қалмады деп yassi.kz порталына сілме жасайды medrese.kz