MEDRESE.KZ Жаңалықтар 📌📣2023 жылдың 21-желтоқсанында Сарыағаш медресе колледжінде №2 әдістемелік кеңес болып өтті.🎥Семинар білім беру жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді, жаңа педагогикалық және білім беру технологияларын ізденуге және қолдануға әдістендіру мақсатында өткізілді. ✅

📌📣2023 жылдың 21-желтоқсанында Сарыағаш медресе колледжінде №2 әдістемелік кеңес болып өтті.🎥Семинар білім беру жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді, жаңа педагогикалық және білім беру технологияларын ізденуге және қолдануға әдістендіру мақсатында өткізілді. ✅

1️⃣📋Семинарға оқу орнымыздың 50ге жуық оқытушылары қатысты. 👥Семинар директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Қалмұратов Тимур Қожакелдіұлының сөзімен бастау алып,әрі қарай “Оқу әдістемелік кешен және оқытушы портфолиосы” жайлы ой өрбіді.
2️⃣📋Әрі қарай,кәсіптік пәндер бірлестігінің меңгерушісі Жакипов Жүсіпхан Жұмаханұлы “Араб тілі-Құран тілі” тақырыбында баяндама оқып,ЦӘБ оқытушыларының педагогикалық шеберліктерін көрсетіп, тәжірибені жақсарту бойынша үлгілі сабақтарын ұсынды.
3️⃣📋Кәсіптік пәндер бірлестігінің ұстаздары *Балтабаев Алишер Абдылхафизұлы мен Хайридинов Зухридин Зайнидинұлы* араб тілін жылдам үйренудегі мнемониканың рөлі мен араб тілі морфологиясын игерудегі тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.❗️❕
4️⃣📋Сонымен қатар,семинар барасында оқытушылар “Оқытудың белсенді және инновациялық әдістерін тиімді қолдану,оқу жұмыс жоспарын жазу” секілді басқа да тақырыптарда молынан пайдалы ақпараттар алды.
5️⃣📋Семинарды ұйымдастырушылар Т.Қалмұратов,Б.Идияева,Ж.Жакипов ұстаздар іс-шара соңында колледж оқытушыларын “Кофе-брейкке”шақырып,кәсібилік және ынтымақтастық атмосфера үшін алғыстарын жеткізді.

Related Post

Бас мүфтидің ел халқына ҮНДЕУІБас мүфтидің ел халқына ҮНДЕУІ

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты ел халқына ҮНДЕУІ   Құрметті бауырлар! Мұсылман қауымының ұлық мерекесі

Пісіп жетілген құрмаларПісіп жетілген құрмалар

Сахабалардан болған хазреті Әбу Дәрда (Алла ол кісіге разы болсын), таң атқанда ерте тұрып мешітке қарай жүгіретін. Намаз оқып болғаннан кейін оқылған Құран кәрімді рахаттанып тыңдап, мешіттен шығарда да ең