MEDRESE.KZ Жаңалықтар ⚜️Өмірдегі басты мамандық, ол әрине, ұстаз. Өйткені, ұстаз барлық мамандарды тәрбиелейді, бәріне білім береді.

⚜️Өмірдегі басты мамандық, ол әрине, ұстаз. Өйткені, ұстаз барлық мамандарды тәрбиелейді, бәріне білім береді.

🔰Адамзат баласына тән қасиеттерді, сұлулық пен сүйіспеншілікті, адалдық пен адамдықты, мейірім мен махаббатты бар бойына сіңіре білген ұстаздарымызға қанша алғыс айтып, құрмет көрсетсек те артықтық етпес.

🔰Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан медресе-колледж ұстаздарына қаржылай сыйақы табысталды. Колледж басшысы Дінмұхамед Абдужаппарұлы ұлағатты ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады!

🔰Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға- деп, Абай Құнанбайұлы ұстаздық мәртебе әр қашанда жоғары екендігін дәріптеген.
Ұстазға құрмет қашанда адамзатқа міндет!

Related Post

⚜️Сарыағаш медресе колледжіне келген Ғұламалар кеңесінің мүшесі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директорының орынбасары, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Төреәлі Еділбайұлы Қыдыр ұстаз оқу ордамыздың ұстаздарымен де кездесу жиынын өткізді.⚜️Сарыағаш медресе колледжіне келген Ғұламалар кеңесінің мүшесі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директорының орынбасары, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Төреәлі Еділбайұлы Қыдыр ұстаз оқу ордамыздың ұстаздарымен де кездесу жиынын өткізді.

🔰Ұстаздарымызға Ислам дінінің Қазақстанға келу тарихы жайында құнды деректермен бөлісті. 🔰Сондай-ақ Қазақ даласындағы наным-сенімдер, Исламның ең алғаш келу жолдары, сол жылдары исламның кең етек алуы сынды тақырыпта сөз қозғалып, арнайы