🔰Адамзат баласына тән қасиеттерді, сұлулық пен сүйіспеншілікті, адалдық пен адамдықты, мейірім мен махаббатты бар бойына сіңіре білген ұстаздарымызға қанша алғыс айтып, құрмет көрсетсек те артықтық етпес.
🔰Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан медресе-колледж ұстаздарына қаржылай сыйақы табысталды. Колледж басшысы Дінмұхамед Абдужаппарұлы ұлағатты ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады!
🔰Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға- деп, Абай Құнанбайұлы ұстаздық мәртебе әр қашанда жоғары екендігін дәріптеген.
Ұстазға құрмет қашанда адамзатқа міндет!