MEDRESE.KZ Ғибратнама Ұстазын жылатқан жауап

Ұстазын жылатқан жауап

Мұғалім, бір оқушыдан үлкейгенде кім боласың деп сұрап еді айналасындағы басқа оқушылар күліп мазақ қыла бастады. Себебі басқа оқушылардың жауабы ұшқыш, дәрігер, сот, прокурор дегендер еді. Бірақ бір оқушы ғажайып жауап берді. Оның жауабына оқушылар күлді. Білесіз бе , ол баланың қандай жауап бергенін?
Оқушы : — Мен сахаба боламын
Мұғалім: — Не үшін сахаба боласың?
Оқушы : — Күнде анам ұйықтар алдында сахабалар тарихын айтып береді. Сахабаны Алла жақсы көреді, олар батыр кісілер, әкемде солар сияқты болуға әрекет жасайды.
Мұғалім біраз үнсіз тұрып қалды. Мына жауапты есіткенде еріксіз көзіне жас келді, бұл баланың артында тақуалы ана бар екені соның үшінде, мақсаты жоғары екенін білді.

Related Post

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.

Алла Тағала Әбдуғаппар ұстазымызды рақымына бөлеп, жәннатын нәсіп еткей. Артында қалған ағайын-жұрты мен отбасына Алладан көркем сабыр тілейміз. «Тас түскен жеріне ауыр» десе де бұл қайғылы хабар баршамызға ауыр тиді.