MEDRESE.KZ Жаңалықтар Ұрлық және тонаушылық

Ұрлық, тонаушылық – өзгенің мүлкін, ақшасын ұрлау, рұқсатсыз алу, күштеп тартып алу, өзгенің меншігін ақысыз (әділетсіз) түрде өз иелігіне өткізу деген сөз. Рұқсатсыз алынған және ұрланған нәрселер арзымаған нәрсе болса да, үкімдері бір және харам болып табылады. Ұрлық жасау  үлкен күнәлардың бірі. Еркектерден де, әйелдерден де, бұл күнәға тұтылған адамдар өте көп. Сондықтан ұрлықтың не екенін біліп, одан сақтану керек. Ниса сүресінің 29-аятында: «Ей иман еткендер, бір-бірлеріңнің меншіктеріңді араларыңда бұрыс жолмен жемеңдер. Яғни Исламның харам еткен пайыз, құмар, ұрлық және күштеп тартып алу секілді бұрыс жолдарымен жемеңдер. Тек қана бір-бірлеріңнен разы болатын түрде болсын, сауда жолымен болсын» делінген.

Өтірік айту, өсек айту, ғайбат ету, жала жабу, ұрлық, айла, қиянат ету, адамдарды ренжіту, фитна шығару, өзгенің затын рұқсатсыз қолдану, жұмысшының, жүк тасушының бейнетақыларын бермеу күнә болады. Бұларды мұсылман болмаған адамға да, мұсылман емес мемлекетте де жасау күнә болады. Ғибадаттардың қабыл болуы үшін ұрлық, айла (саудада қулық) және қиянат секілді күнәлардан тыйылу керек.

Ұрлық үлкен күнәлардан болуымен қатар, басқа да үлкен күнәларға да жол ашуы мүмкін. Мәселен адам өлтіруге, мал-мүлкінің ұрлануымен шарасыз, ғаріп жағдайға түскен адамның дінінің, дүниесінің зиянға ұшырауына т.б. Ұрланбағанда ол мал-мүліктің қайырлы істерге жұмсалатын болуы, яғни ұрлап бұған кедергі болу күнәны одан да арттыра түседі. Мәселен қайырымдылық қорларының ақшаларын ұрлау бұл күнәны арттыра түседі.

Мұқтаж, шарасыз қалған адам да ұрлыққа, тонаушылыққа ұрынбауы тиіс. Жұмыс тауып, еңбек етіп, халал жолмен табыс табуы керек. Қажеттілігін қамтамасыз ететіндей мөлшерде қарыз алу керек. Қайтарып беру ниетімен қарыз сұраған адамға қарызын қайтаруға Аллаһ  тағала көмектеседі.

Related Post

⚜️Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай Сарыағаш медресе колледжіне қарасты Шәкір Ешан атындағы спорт кешенінде ұстаздар мен шәкірттер арасында спорттық турнир болып өтті.⚜️Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай Сарыағаш медресе колледжіне қарасты Шәкір Ешан атындағы спорт кешенінде ұстаздар мен шәкірттер арасында спорттық турнир болып өтті.

🔰Спорттық шарада қатысушылар арқан тартыс, футбол, турникке тартылудан бақ сынасты. 🔰Жарыс нәтижесі бойынша арқан тартыстан1-орын “Арыс” командасы2-орын “Ордабасы” командасы3-орын “Айбат” командасы 🔰Ал, футболдың қорытындысы бойынша 1-орын “Қайрат” командасы2-орын “Айбат” командасы3-орын

⚜️Білім беру мен спортты қатар алып жүретін оқу ордамыздың ұстаздары киелі Түркістан шаһарынан жүлделі орындармен оралды.⚜️Білім беру мен спортты қатар алып жүретін оқу ордамыздың ұстаздары киелі Түркістан шаһарынан жүлделі орындармен оралды.

🔰“ 18 қазан- Рухани келісім” мерекелік күніне орай Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен спорттық сайыс өтті. 🔰Аталмыш турнир облыс көлеміндегі діни конфессия өкілдері және дін саласында жұмыс атқаратын мемлекеттік

Ақырзаман ғұламаларыАқырзаман ғұламалары

Ақырет ғұламаларынан мақсат- ақырет үшін ілім алып, сол  білімін Аллаһ разылығы үшін жұмсаған  шыншыл ғалымдар. Олар ақыретті бұл дүниеден жоғары қойған. Олардың істері сөздеріне қайшы болмайды. Сондай-ақ олар ақыретте пайда беретін білімге