MEDRESE.KZ Жаңалықтар Үлкен жақсылық

Бір күні бір кісі үйінің есігін ашқанында полициялар тұрғанын көреді. Қобалжып:
— Бірдеңе керек пе еді?- деп сұрайды. Комиссар:
— Үйіңізді тонаған ұрыны ұстадық, -деп жауап береді.
Әлгі кісі шамалы тұрып, «Қане ішке кіріңіздер!» деп шетке шегінеді. Бәрі бірге ішке кіреді. Кісі алдын полициялармен, кейін жас жігітпен қол алысып:
— Келгендерің қандай жақсы болды. Бұл жігітпен танысқым келіп жүрген еді,- дейді. Полициялардың біреуі:
— Бұл жігіт форма кимейтін полиция қызметкері емес, ол ұры,- дейді.
— Ұры екенін біліп тұрмын, бірақ енді шағымымды қайтып алдым,- дейді. Бәрі таң қалады. Қонақтарға шай, тәттілер ұсынғаннан кейін, әңгімесін жалғастырды:
— Үйім тоналудан алдын, түннің бір уағына дейін отырғанымнан, таң намазына тұра алмайтын едім. Қанша қаласам да күніне Құран кәрімнің бір парағын да оқуға уақыт таба алмайтынмын. Оқыған намаздарым да, асығыстықтан шала-шарпы болатын. Бұл жас жігіт мені осы ғафлеттен (қараңғылықтан) құтқарды. Өйткені теледидарымды ұрлаған еді,- дейді.

Related Post

ҒұсылҒұсыл

Ғұсыл парыздары және оның себептері С: Үлкен дәрет, яғни ғұсылды қашан алу керек немесе қай амалдан соң уәжіп саналады? Ж: Ғұсыл алу төмендегі амалдарға орай уәжіп болады;

Каскадёрлерден кем емесКаскадёрлерден кем емес

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға сәйкес, Сарыағаш ауданындағы білім беру мекемелерінің 60 мектеп, 4 колледжден 800-ге жуық оқушы алғашқы әскери дайындық пәні бойынша 5 күндік оқу-дала жиынына