MEDRESE.KZ Жаңалықтар ҚМДБ: «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» қабылданды.

ҚМДБ: «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» қабылданды.

⚜️Бүгін Алматыда өтіп жатқан Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне арналған семинарда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасын» таныстырды.

🔰«Біз өткенде арнайы тұғырнаманы бекіттік. Сіздер әртүрлі ортада жүресіздер. Жамағатпен жиі кездесесіздер.

🔰Міне, бұл құжатта адамдармен қарым-қатынас жасағанда көркем мінезбен жауап беру, әдепке сай киіну, адамның абыройына нұқсан келетін дүниеден аулақ болу, әлеуметтік желілерде әдеп сақтау сынды мәселелер қамтылды.

🔰Одан бөлек Діни қызмет туралы заңды басшылыққа ала отырып, ҚМДБ Жарғысы мен қызметтік этиканы сақтау, ҚМДБ бекіткен пәтуаны басшылыққа алу, аудиторияға сай сөйлеу, ақида мәселесінде абай болу, жамағатпен талас-тартысқа бармау сынды мәселелер құжатта қарастырылды.

🔰Сондықтан тұғырнаманы әркез басшылыққа алуларыңызды сұраймын» деді Бас мүфти.

🔰Айта кетейік, «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісінде талқыланып, бекітілген болатын.

Related Post

⚜️Мен, Торланбаев Нұрбек Хабибуллаұлы “Сарыағаш медресе колледжі” Жастар ісі бойынша инспекторы, Республика күніне орай жастар арасындағы #RepublicDay бастаған челленджін қабыл алдым.Бүгінгі күні колледжіміздің жастары саясатының дамуына, қоғамдық жұмыстарда белсенді жұмыс жасап келемін.⚜️Мен, Торланбаев Нұрбек Хабибуллаұлы “Сарыағаш медресе колледжі” Жастар ісі бойынша инспекторы, Республика күніне орай жастар арасындағы #RepublicDay бастаған челленджін қабыл алдым.Бүгінгі күні колледжіміздің жастары саясатының дамуына, қоғамдық жұмыстарда белсенді жұмыс жасап келемін.

🔰1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР — нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет