С: Рамазан оразасының қазасын айдан өте, бірден атқару шарт па?
Ж: Шарт емес, қаласа рамазан айының соңынан, қаласа кейінірек ұстайды.
С: Қаза оразаны ұстаймын деп жүргенде қайтадан рамазан келіп қалса не істейді?
Ж: Алдымен жаңа келген рамазан оразасына ұстап, одан кейін бұрынғы ораза қазасын өтейді. Оған фидиа лазым емес.
С: Адам дүние саларда байлығынан фидиа беруді мұрагеріне өсиет етсе, мұрагер не істейді?
Ж: Бұл өсиет етушінің байлығының үштен бірінен өтеледі. Мұрагері оның қаза жіберген әр күніне бір міскінді жарты «саа» бидай немесе бір «саа» арпа немесе бір «саа» құрма көлемінде тойдырады.