MEDRESE.KZ Жаңалықтар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған сапарында «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенттерімен кездесті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған сапарында «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенттерімен кездесті.

«Білім – амалдың негізі. Амалсыз білімнің пайдасы болмайтыны секілді білімсіз амалдың да еш пайдасы жоқ. Білім мен амал – бірін-бірі толықтырушы, бір-бірінен ажыратуға болмайтын егіз ұғым. Алла Тағаланы тану, Оның ризалығына жету жолына түскен адам терең білім алуға тырысады. Жаратушы Иеміз Құранда: «Алла сендердің араларыңнан иман келтіргендер мен білім иелерін жоғары дәрежелерге көтереді» («Мүжәдәлә» сүресі, 11-аят) деп баяндайды. Біз бұл аяттан Алла Тағала білімді адамның дәрежесін екі дүниеде көтеріп қоятынын түсінеміз. Құдайға шүкір, қазір білім алуға мүмкіндік көп. Ендеше, алтын уақыттарыңызды терең білім алуға арнасаңыздар өмірде көптеген игілікке кенелесіздер» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дәріс соңында Бас мүфти шәкірттерге дұға жасап, білім жолындағы қадамдарына игі тілегін жеткізді.

Related Post

Қажылығын өтеуші Мина жазығында егіз қыздарды дүниеге әкелдіҚажылығын өтеуші Мина жазығында егіз қыздарды дүниеге әкелді

«Ар- Риёз» басылымының хабарлауынша,Мина жазғында қызық оқиға болған: пәкістандық қажылығын өтеуші әйелдің аяқ астынан толғағы  келіп қалады. Бақытты ана егіз перзенттерді дүниеге алып келеді. Егіздер қыз болып ата-анасы Сафа және Маруа

Дінтанушы, теолог Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Теология факультетінің деканы Досай Кенжетайұлы медресе колледж шәкірттерімен кездестіДінтанушы, теолог Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Теология факультетінің деканы Досай Кенжетайұлы медресе колледж шәкірттерімен кездесті

Дінтанушы, теолог Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Теология факультетінің деканы Досай Кенжетайұлы медресе колледж шәкірттеріне Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтеріне, Абай Құнанбаев мұраларындағы дін жайында жазбаларына кеңінен тоқталып,