Ғұсыл парыздары және оның себептері

С: Үлкен дәрет, яғни ғұсылды қашан алу керек немесе қай амалдан соң уәжіп саналады?

Ж: Ғұсыл алу төмендегі амалдарға орай уәжіп болады;

  1. Ер дамның немесе балиғатқа жетуі;
  2. Ерлі – зайыптылардың жыныстық қатынас жасауы;
  3. Мәнидің (сперма) шаһуатпен шығуы;
  4. Хайз (етеккір) қаны тоқтауы;
  5. Нифас (босанған әйелден келетін) қаны тоқтауы;
  6. Ұйқысынан тұрған адам киімі немесе денесіне мани немесе мәзи жұққананын көрсе

С: Жыныстық мүшеден шыққан мәзи (шәһуатсыз шығатын нәжіс) немесе уәди (зәрден кейін келетін қою нәжіс) ғұсыл жасау уәжіппе?

Ж: Мұндай жағдайда ғұсыл уәжіп емес, бірақ дәрет бұзылады.

Ғұсыл сүннеті және оның уақыттары

С: Шариғатта орындалуы парыз болып саналатын ғұсылдан басқа да ғұсыл барма?

Ж: Иә, Пйғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті болып саналатын ғұсылдар бар. Олар: Жұма және айт намаздарын оқу үшін, ихрамға кіру үшін, Арафа күні уақфаға тұру үшін жасалатын ғұсылдар.

Ғұсылдың парыздары

С: Ғұсыл алу барысында қандай әрекет парыз болып саналады?

Ж: Ғұсыл алу барсында үш түрлі әрекет парыз болып саналады.

  1. Ауызға су алып, алқымына дейін екі ұртын толтыра шайқап шаю керек
  2. Мұрынға суды барынша терең тарта шайып; сіңбіріп тастау;
  3. Дене мүшесінің  барлық жеріне толық су тигізіп шығу қажет. Денеде су тимеген жер қалмауы тиіс.

С: Ғұсыл сүннет бойынша қалай алынады?

Ж: Ғұсыл сүннет бойынша алдымен екі қолы жуылады, денесін нәжістен тазалап, аяғын жумай дәрет алады. Тұла бойына үш реттен су тигізеді. Құлақ ішіне, қолтыққа, кіндікке және су жетуі қиын тұстарға саусақпен су тигізіп тазалайды. Егер жуынған орны таза болмаса немесе жуынған суы жиылатын болса, аяқты жууды ғұсыл соңына қалдырып, таза бір шетке шығып жуады.

С: Ғұсылды жоғарыда айтылғандай етіп құйынуды ғұсыл парыз болғандарға ғана орындауы керек пе, әлде барлық адам ғұсыл ала ма?

Ж: Ғұсылдың барлық түрі осылай жасалады.

С: Ғұсылда әйелдерге қандай жеңілдік бар?

Ж: Шашы өрілген әйел шашын жуу шарт емес. Өрілмеген шашты түгел жуады. Еркек адамның шашы өрілген болсада шашын түгел түбіне дейін жууы шарт.

Related Post

Еңбек күніне” орай өткізілген бұл шараЕңбек күніне” орай өткізілген бұл шара

⚜️Ерен еңбегімен ел есінде қалған тыл ардагерлерінің есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау мақсатында еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. 🔰28-қыркүйек “Еңбек күніне” орай өткізілген бұл шара өскелең ұрпаққа берері мол. 🔰Шәкірттеріміз өзі емес

Дін өкілдері аудан әкімінен марапат алды!Дін өкілдері аудан әкімінен марапат алды!

21-қазан күні Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында “18 қазан – Рухани келісім” күні мерекесіне орай жиын өтті. Аталмыш мәжіліскеаудан аумағындағы діни конфессиялар жетекшілері және өкілдері бас қосып, дінаралық қарым-қатынастарды нығайту

Мәскеу Ислам Университетінде фиқһ бойынша сайыс өткізілдіМәскеу Ислам Университетінде фиқһ бойынша сайыс өткізілді

Мәскеудің ислам университетінде Фиқһ бойынша жарыс өткізіліп, жарысқа жоғары оқу орнының  сайысқа түсемін деген талапкерлері, сондай – ақ Рязан қаласы мұсылмандары діни басқармасы, жексенбі мектептерінің тәрбиеленушілері сайысқа түсті.