MEDRESE.KZ Ғибратнама Тіс ауруының дәрісі

Әдемі киінген, өзге жұрттық бір кісі асханаға кіріп асхана қызметшісіне: Жақсылап қуырылған бір бөлек етпен, бір тәрелке салат алып келіңіз деді. Әлігі кісі бір бөлігін аузына салар-салмас айқайға басты.  Ойбаай тістерім! Тістерім тағыда ауырып жатыр!  Оған қолында әдемі бір сөмкесі бар, басқа бір өзге жұрттық кісі жақындап келіп, сөмкесінен бір шыны ыдыс шығарып, ішіне бір бөлек мақта салып оған: Мүмкін болса осыны ауырып жатқан тісіңізге қойыңыз деді. Ол кісі оның айтқанындай жасады. Сосын қуанғанынан айқайлай кетті: Қандай керемет дәрі! Енді ауру сезбей жатырмын! Бұл бір ғажап дәріні сатып алу үшін, оның жан-жағына адамдар жиналып алды. Сөмкедегі дәрілер әп-сәтте таусылды. Бір сағат өткеннен кейін тісі ауырған кісімен дәрі сатқан кісі бекетте кезікті. Бір-бірін құттықтап былай деді: Қаладағы ісіміз оңынан келгені қандай жақсы болды десеңші. Екіншісі ия несін айтасын. Екеуі біраздан кейін келетін поезді күтіп тұрды. Сол сәтте оларды екі қызмет сақшылары келіп ұстап алды. Өйткені  тісі ауырған кісі, дәрі тісінің ауырғанын баспаған соң қызмет сақшысына хабарлаған болатын. Оларды бөлім бастығының алдына алып келді. Олардан басшы дініңіз қандай деп сұрады. Олар не айтарын білместен, бастарын салбыратып, мұсылманбыз деді. Сонда бастық қатты ашуланып былай деп айғай салды: Сендер пайғамбар Мұхаммед с.а.у : «Кімде-кім бізді алдаса бізден емес» деген бұйрықтарын есітпегенсіңдерме?. Олар қылмыстарына жараса жазаларын алды.

 Өзбек тілінен  аударған

Қасимов Нұрсұлтан

Related Post

ЛұқмаЛұқма

Али жақсы бала. Әкесі бай дәулетті болғаны үшін оның барлық жағдайын жасап қойған. Өкініштісі Али кедей кепшіктер қандай халде өмір сүретінін білмейтін.