Ибн Масғұд (Аллаһ разы болсын ол кісіден) Пайғамбарымыздың (Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) айтқанын былай әңгімелейді: «Меп Оттан шығыпЖәннәтқа кіретін ең соңғыны білемін. Бұл адам оттан еңбектеп шығады, сондаАллаһ Тағала айтады: «Бар да Жәннәтқа кір!» Ол оған жақындайды, бірақ іші толып тұрғандай болып көрінеді. Сонда ол кейін қайтады да былай дейді: «О, Жаратқан! Мен оның толып тұрғанын көрдім». Аллаһ Тағала оған айтады: «Бар да Жәннәтқа кір!» Ол оған жақындайды да бос орын жоқтай болып көрінеді. Ол қайтадан кері оралып, былай дейді: «О, Жаратқан! Мен онда бос орын жоқ екенін көрдім». Аллаһ Тағала қайтадан оған айтады: «Бар да Жәннәтқа кір! Өйткені ондасен үшін он жер әлеміндей орын дайындалған». Сонда ол айтады: «Қалайша Сен мені мазақ, қыласың? Сен Әміршісіц ғой». Осы жерге келгенде Ибн Масғұд (Аллаһ разы болсын ол кісіден) айтты: «Мен Аллаһтың Елшісінің қалай күлгенін көрдім, сонда оның үлкен күрек тістері де көрінді». Сосын ол былай деді: «Бұл адам Жәннәттағы ең төменгі орынды иеленеді». (Әл-Бухори, Мүслим)
Имам Ахмад (Аллаһ рахметіне алсын) Пайғамбарымыздың (Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) келесі хадисін жеткізді: «Менің үмметімнің адамдары өздерінің күнәларынан отқа кіреді және онда Аллаһ Тағала қанша қаласа сонша болады, сонда көп құдайшылдар оларды сөзбен шағып былай дейді: «Біз пайғамбарға адалдықтарың мен имандарыңның өздеріңе пайда келтіргенін көре алмай тұрмыз» Сонда Аллаһқа серік қосқандардан басқа аса құдіретті Аллаһ Тағала ол жақтан шығармайтын бірде бір адам қалмайды». « Кейде сондай қарсы болғандар да: «Әттең мұсылман болсақ еді», — деп арман қылады». («Әл- Хижр» сүресі, 2 аят). Аллаһ Тағала бізді Оған серік қосудан сақтасын және бізді Жәннәтқа кіргізе көрсін.