MEDRESE.KZ Жаңалықтар Рағаиб түні

Бұл түн – Ражаб (ережеп) айының алғашқы жұма түні, яғни рағаиб түні. Бұл түні Аллаһ  тағала иманды құлдарына жақсылықтар жасайды. Бұл түні жасалған дұға қайтарылмайды және намаз, ораза, садақа сияқты ғибадаттарға бірнеше еселеніп сауап жазылады. Бұл түнді құрметтегендер кешіріледі. Ражаб айының барлық түні жұма түніндей қадірлі. Осы екі қасиетті түн біріккен кезде одан да қадірлі болады. Бұл пайғамбарымыздың әкесінің үйленген түні емес. Бұлай деу қате.
Хадистерде былай бұйырылды:
«Ражаб (ережеп) Аллаһ  тағаланың айы. Ережеп айын құрметтеген адамға Аллаһ тағала бұл дүние мен ахиретте жақсылық жасайды».
«Ражаб айының алғашқы жұма түні құлшылық қылған адамды Аллаһ  тағала қабір азабынан құтқарады. Дұғаларын қабыл етеді. Тек 7 түрлі адамды кешірмейді және дұғаларын қабылдамайды: Өсімге ақша берген және алған адам, мұсылмандарды төмен санаған адам, ата-анасына қарсы келген бала, мұсылман және діннің бұйрықтарына бағынатын күйеуін тыңдамайтын әйел, өлең айтып, сазды аспаптар шалатын адам, зинақорлық жасайтын адам, бес уақыт намаз оқымайтын адам». (Бұлар бұл күнәлардан бас тартпайынша, тәубе етпейінше дұғалары қабыл болмайды. Анасының, әкесінің, күйеуінің, ешқандай адамның дінге қайшы бұйрықтарын тыңдауға, орындауға болмайды).
Пайғамбарымыз ражаб айындағы ғибадаттардың ізгілігін түсіндірген еді. Жасы үлкен бір адам «Иә расулаллаһ. Ережеп айының бәрінде ораза тұтуға күшім жетпейді» дегенде пайғамбарымыз:
«Сен Ражаб айының 1-ші, 15-ші және соңғы күндерінде ораза тұт. Бәрін тұтқандай сауап аласың. Өйткені, сауаптар он есе болып жазылады. Бірақ, Ражабтің алғашқы жұма түніне немқұрайлы қарама» — деген екен.

Related Post

Пісіп жетілген құрмаларПісіп жетілген құрмалар

Сахабалардан болған хазреті Әбу Дәрда (Алла ол кісіге разы болсын), таң атқанда ерте тұрып мешітке қарай жүгіретін. Намаз оқып болғаннан кейін оқылған Құран кәрімді рахаттанып тыңдап, мешіттен шығарда да ең

⚜️Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы Халал Даму ЖШС бойынша бақылаушы маманы Сарыбаев Қазыбек мырза және қыздар бөліміне ҚМДБ -ныңШымкент қаласы Халал Даму ЖШС бойынша бақылаушы маманы, технолог Аралбай Аружан арнайы ат басын бұрып «Сарыағаш-медресе» колледжі студенттерімен кездесті.⚜️Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы Халал Даму ЖШС бойынша бақылаушы маманы Сарыбаев Қазыбек мырза және қыздар бөліміне ҚМДБ -ныңШымкент қаласы Халал Даму ЖШС бойынша бақылаушы маманы, технолог Аралбай Аружан арнайы ат басын бұрып «Сарыағаш-медресе» колледжі студенттерімен кездесті.

🔰Аталған жиналыс барысында студенттерге жалпы тағам өнімдерін сатып алған кезде тауардың этикеткасындағы мәліметке мұқият мән беру керектігі жайлы ескертіп, адал ас пенденің дұғасының қабыл болуына, кемел білімге қол жеткізуіне, сонымен

Қош келдің Мәуліт!Қош келдің Мәуліт!

Осы айда еліміздің әр түкпірінде пайғамбарымыз Мұхамедтің, оған Алланың сәлемі болсын, туған күні, яғни мәуліт мерекесі аталып өтіп жатыр. Кеше күллі жамағат асыға күтетін шарапаты мол мейрамға орай Сарыағаш медресесінде