С: Пітір садақаның үкімі не?
Ж: Пітір садақа беру күнделікті қажетінен артық, яғни тұратын жайынан, киім-кешегінен, үйіндегі тұрмыстық құрал-саймандардан, көлігінен, арттырған байлығы нисапқа жететін бостандықтағы, мұсылманға парыз.
С: Пітір садақаны ккім береді?
Ж: Әр бір мұсылман пітір садақаны өзі үшін, жас балалары үшін және өзге дін өкілдері болса да, қол астындағы қызметкерлері үшін береді.
С: Балиғатқа жетпеген жас баласы үшін, баласының мал- мүлкінен бере ме, немесе өзінің жанынан бере ме?
Ж: Баланың дәулеті болса содан береді, болмаған жағдайда өзінің қалтасынан береді.
С: Ер кісі әйелі мен балиғатқа жеткен үлкен перзенттері үшін пітір садақа беруі тиіс пе?
Ж: Оның қарамағында болмағанымен де олар үшін өз жанынан беруге тиіс емес. Дегенмен, бергенні жақсы.
С: Пітір садақа беру қашан уәжіп саналды?
Ж: Ол садақа пітір күнінің таңы атқанда – уәжіп.
С: Оның мұстахаб уақыты барма?
Ж: Иә, пітірді айт намазына дейін беру мұстахаб саналады.
С: Пітір белгіленген күнінен бұрын берудің үкімі қалай?
Ж: Ол да болады.
С: Пітір күнінен кешіктірсе қалай?
Ж: Пітір айт намазынан кешігіп, пітір садақаны бере алмаса оның садақасы мойнына түспейді. Міндетті түрде беруі керек.
С: Пітір садақа кімге беріледі?
Ж: Байлығы нисапқа жетпейтін міскіндерге беріледі.
С: Берудің сауабы қандай?
Ж: Әбу Дауд Абдулла бин Аббастан (р.а) риуаят екен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у) : «Пітір садақа ұсталған оразаны, сол күндері біліп- білмей айтылған жаман сөздерден тазалау үшін міскіндерге тағам ретінде беріледі»,- дейді.
С: Пітір садақаның мөлшері қанша?
Ж: Пітір садақаның мөлшері бидайдан жарты «саа» , арпадан бір «саа».
(1-саа , 3кг 600гр тең келеді)
С: Бұлардан басқа нәрселерден, мысалы: дирһамнан, ақшадан, жүгеріден, күріштен пітір берудің үкімі қандай?
Ж: Бұлардың құнынан да беріледі. Бидай, құрма, мейіз, арпадана басқасынан кем дегенде осылардың бірінің құнымен пітір садақа беруді ниет етсе болғаны.