Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Ержан қажы Малғажыұлы және наиб мүфти Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы, облысымыздың өкіл имамы Ахметжан Керімбеков Сарыағаш медресе колледжіне арнайы ат басын бұрды. Алдымен келген қонақтар жаңа ғимараттың құрылысын көріп шықты. Естеріңізге сала кетейік медресе колледжіміздің алдында аумағы 2,5 га көлдің ортасына орта азияда теңдесі жоқ сәулетті мешіт бой көтермек. ҚМДБ ның ғұламалар кеңесінің ұсынысымен жақында өмірден өткен ұстазымыз Сманов Абсаттар Шәкірұлының есімі берілмек. Мүфти хазіреттің келудегі мақсаты аталмыш мешіттің қазығын қағып ақ батасын беріп кету болды. Қазық қағу барысында мүфти хазрет мешіт салудың сауабын атап өтті. Сөз соңында колледжімізден танымал ғұламалар шығуын Алладан сұрап батасын берді. Сарыағаш қаласының төбе биі Рахымберді Оспанов өз кезегінде сөз алып, мешіттің басы қасында жүрген ұстаз Сманов Абдужаппар Шәкір ұлының әкесі Шәкір ешанның кешегі кеңестің қылышынан қан тамған заманында да дінді насихаттауын тоқтатпай асыл дінімізді насихаттап келер ұрпаққа жеткізгенін тілге тиек етті. Алла бастағалы тұрған ісімізге береке берсін!
Сарыағаш медресе колледжі баспасөз қызметі