MEDRESE.KZ Жаңалықтар Оразаны бұзатын амалдар

С: Қай амалдар оразаны бұзады?

Ж: Дәнек немесе майда тас немесе темір бөлігін жұтып қойған және қан құйдырған адамның оразасы және қарнындағы немесе тамағындағы жараға сұйық дәрі тамызғанда ішіне өтіп кетсе, оразасы  бұзылдаы. Әйел адамды сүйгенде немесе аймалағаны үшін мәни келген, таң атып қалғанда таң атпады деп сәресін ішіп жеген, күн батпай тұрғанда күн батып қалды деп ауыз ашқан адам тек қазасын ғана орындайды. Оған каффараттың қажеті жоқ.

С: Ауыздан құсық өзі келсе немесе қолын аузына салып құсса ораза бұзылама?

Ж: Жүрегі айнып лажсыздан құсса бұзылмайды. Ал өзін мәжбүрлегендіктен ауыз толы құсса бұзылады. Оның қазасын ұстау — уәжіп.

С: Қандай жағдайда қаза оразаға қоса каффарат жасау – уәжіп?

Ж: Қасақана жыныстық қатынасқа барса, біле тұра бірдемені ішіп – жесе ораза бұзылады. Ол адамға бұзған оразасының қазасын және каффаратын қоса өтеу міндеті жүктеледі.

С: Каффараттан не түсінеміз?

Ж: Каффарат деп құлды азат етуді, оған шамасы келмесе, рамазан айынан және ораза ұстаудан қайтарылған күндерден басқа кезде бірден екі ай арасын үзбей ораза ұстауды, оған шамасы келмесе, алпыс міскінді тамақтандыруды айтады.

С: Рамазан оразасынан басқа оразада каффарат болама?

Ж: Рамазан айындағы оразадан басқа оразада, тіпті рамазан оразасының қазасында да каффарат болмайды.

С: Жоғарыда баяндалған кейбір істерді істегні үшін оразасы бұзылмайтын кез бола ма?

Ж: Оразада ұмытып ішіп – жесе немесе ұмытып жыныстық сезімдерге берілсе ораза бұзылмайды. Сондай- ақ ұйықтап орнынан тұрғанда жүніп болғанын байқаса, денесін майласа, қан алдырса, көзіне сүрме жақса, сүйсе оразасы бұзылмайды.

Related Post

Ізімбай ӘбдірақманІзімбай Әбдірақман

2021жыл 20-24 шілдеде, Қырғызстан Республикасында өткен Пенчак Силат бойынша IІ ашық Орта Азия жағажай турнирінде Тайландтағы Азия жағажай ойындарына саралау байынша Сарыағаш медресе колледжінің 3 курс студенті Ізімбай Абдірахман 85+

ХАЗІРЕТІ БАС МҮФТИ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІНДЕ:ХАЗІРЕТІ БАС МҮФТИ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІНДЕ:

адірлі қауым! Сіздерді күллі мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын, ардақты ағайын! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін. Алла Тағала бәріміздің