MEDRESE.KZ Жаңалықтар Нәпіл оразалар

С: Рамазан айынан басқа кезде де ораза ұстауға болама?

Ж: Рамазан оразасы парыз, қалған оразалар нәпіл саналады. Ораза ұстағанға Алла тағала мол сауап жазады.

С: Қай күні нәпіл ораза ұстауға  болмайды?

Ж: Жыл ішінде мына бес күнде ораза ұстаудан тыйым салынған.

Олар :

  1. Пітір айт күні;
  2. Құрбан айт күні.
  3. Құрбан айттан кейінгі ташриқ күндері.

С: Бір оразадан бір оразаның артықшылығы бар ма?

Ж: Иә, хадистерде кей оразалардың абзалдығы баяндалған. Айша намыз (р.а): « Пайғамбарымыз дүйсенбі, бейсенбі күндері ораза ұстайтын», — дейді

Әбу  һурайрадан (р.): Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Дүйсенбі мен бесенбі күндері адам баласының амалдары аспанға көтеріледі. Мен амалымның оразамен көтерілгенін қалаймын»,- депті.  Әбу һурайра (р.а): «Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) сапарда да, тұрғылықты кезде де айдың 13,14,15 – күндерін оразасыз өткізбейтін еді», — дейді. Әбу Қатада (р.а): «Арапа  күні (Зулхижжа айының тоғызыншы күні) ұсталған оразаны екі жылдық, ал Ашура күні ұсталған оразаны бір жылдық оразаға болады дегенін естідім», — деген екен.

Әбу Айуб әл- Ансарийдан (р.а) жеткен хадисте: Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Рамазаннан соң келетін шәууәл айында кім алты күн ораза ұстаса жыл бойына ораза  ұстағанмен тең», — дейді» , — деп көрсетілген

Related Post

Жастар жылыЖастар жылы

Астанада «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты басталды. Форумға Мемлекет басшысы, Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа

Олжабай ата Меккеге велосипедпен барадыОлжабай ата Меккеге велосипедпен барады

76 жастағы велосаяхатшы Олжабай Смағұлов таңқаларлық велосаяхатты көздеп отыр. Ол өзінің екі доңғалақты арбасымен Қарағандыдан тұп-тура Саудия арабстаны және БАӘ – дегі қасиетті орындарға баруға шешім қабылдады.