MEDRESE.KZ Жаңалықтар Нәжістену (Былғану, арамдалу) және олардан тазалану

Нәжістену (Былғану, арамдалу) және олардан тазалану

С: Нәжістің қандай түрлері бар?

Ж: Нәжіс екі түрлі: ауыр нәжіс және жеңіл нәжіс. Адамның денесінен шығып дәрет, ғұсыл алуға себеп болатын нәжістер яғни тезек, зәр, мәни (сперма), мәзи, уәди және тағам жейтін немесе жемейтін нәрестенің зәрі, қан, өлексенің еті, сүйегі және терісі, хайыз, нифас және истихаза етеккірі, ірің, ауызға толған құсық, арақ, еті харам, жеуге келмейтін жануарлардың зәрі, иттің, тауықтың, үйректің, қаздың, жыртқыш жануарлардың тезегі мен зәрі ауыр нәжіске жатады. Доңыздың бойынан шыққанның барлығы ауыр нәжіс саналады.                                                                                                                                                                                                                 Ал еті желінетін жануарлардың, жылқының зәрі, еті жеуге келмейтін құстың саңғырығы жеңіл нәжіске жатады.

С: Ауыр нәжіс пен жеңіл нәжістің айырмашылығы қандай?

Ж: Айырмашылығы – намазды онымен өтеудің дұрыстығы мен бұрыстығында. Намаз оқитын адамның киіміне немесе денесіне тиген дирхам (теңге) шамасындай ауыр нәжіспен намаз оқу мәкруһ саналады. Ал намаз оқитын адам төрттен бірі жеңіл нәжіспен ластанбаған киіммен намаз оқуы дұрыс. Сондай-ақ ауыр нәжіс дирхам шамасынан (тырнақтай) артық тиген немесе жеңіл нәжіс төрттен бірінен көбін ластаған киіммен намаз оқуға болмайды.

С: Нәжіспен былғанған киім қалай тазаланады?

Ж: Нәжіс көрініп тұрса, тиген жерін су немесе нәжісті кетіретін басқа сұйықтықпен жуып кетіреді. Адамның нәжістің кеткендігіне көзі жетуі қажет.

С: Көрініп тұратын нәжістің ізі кетпесе, не істеу керек?

Ж: Жуылған нәжістің ізін, иісін және реңін кетіру машақат болса, зияны жоқ.

С: Тиген нәжісті тазалаудың өзге де жолдары бар ма?

Ж: Иә, кейбіріне тоқтала кетейік:

  1. Мәсідегі нәжіс кеуіп қалса, нәжісті ысқылап кетіріп, содан кейін ғана онымен намаз оқуға болады.
  2. Киімге тиген мәни (сперма) сұйық болса, жуылады. Ал кеуіп қалған мәниге зор араласпаса, ысқылап кетірген дұрыс.
  3. Айна немесе қылыш сияқты заттарға тиген нәжіс сүрту арқылы тазаланады.
  4. Жерге түсіп кеуіп қалған нәжісті кеткенше сүртіп, ол жерде намаз оқуға болды. Бірақ, ол жер жуылмай таяммум алуға болмайды.
  5. Иленген тері таза нәрсенің қатарына жатады. Сондықтан оның үстінде намаз оқуға, одан жасалған ыдыстағы сумен дәрет алуға болады. Адамзат құрметті саналғандықтан терісін қолдануға болмайды. доңыз нәжісі харам саналғандықтан терісі ешқашан таза нәрсенің санатына жатқызылмайды.

Related Post