MEDRESE.KZ Жаңалықтар Мінез құлықтың әлсіздігі иманның әлсіздігіне дәлел

Мінез құлықтың әлсіздігі иманның әлсіздігіне дәлел

Иман, дүниеден сақтаушы, ұлылықтарға үндеуші. Міне сол үшін Аллаһ пенделерін жақсылыққа шақырып, жамандықтан қашырып жатқан уақытта бұны иманның талабы қылды. Аллаһ Кітабында: «Ей иман келтіргендер» деген сөзі қандай көп, соңынан оларға жүктейтінін зікр етеді, мысалы: «Аллаһтан қорқыңдар және шыншылдармен болыңдар».(Тәубе 129) Расында елшілік иесі күшті иман күшті мінезді туатынын, мінез –құлықтың төмендеуі жамандықтың үлкендігінің немесе кішілігінің аумағына қарай иманның әлсіреуіне немесе оның жоқтығына қайтанын анық айтты. Көргенсіздіктерді ешкімнен ұялмай істей беретін ұждансыз жолы, іші арам (жолы қисық) кісі жайлы оны сипаттап: «Ұят пен иман барлығы бір туысқан, егер біреуі көтерілсе екіншісі де көтеріледі» (әл –Хаким және Табарани) деген.Көршілерінің мазасын алатын, оларды жамандықпен жазғыратын адам жайлы дін қатты үкім шығарады. Ол жайында Рауслуллаһ (Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) айтады:«Уаллоһи иманды болмайды, Уаллоһи иманды болмайды, Уаллоһи иманды болмайды. Кім ? Я, Расулаллоһ –деп сұралынды. Көршісі оның бәлелерінен аман болмайтын кісі !!» (Бухари)Рауслуллаһты (Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) өзінің ізбасарларын бос сөзден бет бұруға, былшыл мен мылжыңдықтан шеттенуді үйретіп жатқанын табасың. Айтады: «Кім Аллаһқа, ахірет күніне иман келтірсе, жақсылықты сөйлесін немесе тыныш отырсын». (Бухари)

Related Post

Балалар Құран жарысқа түстіБалалар Құран жарысқа түсті

Сарыағаш ауданы Жарты төбе ауылының балалары мешіттен дəріс алады. Олардың арасынан іркіліп шыққан 40 шəкірт Құран жарысқа түсті деп сілтеме жасайды medrese.kz сайтының тілшісі yassi.kz сайтына. Ілім додасы “Күмбез” мешітінде

Интеллектуалды спикелер сайысы болып өтті.Интеллектуалды спикелер сайысы болып өтті.

Сарыағаш медресе колледжінің студенттері қыздар арасында шетел тілі(ағылшын) пәнінен «The limits of my language mean the limits of my world», тақырыбында интеллектуалды спикелер сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты студенттерді ағылшын