Медресе директоры

Сманов Дінмухаммед Абдужаппарұлы:

1985 жылы 19-қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Үйленген, 3 қыз, 2 ұлы бар.
БІЛІМІ:
1991-2002 жылдары Ынтымақ ауылындағы С.Майлықожа атындағы орта мектепте білім алған.
2003-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Сұлтанқорған мешітінің Құран Кәрім курсын тәмамдаған.
2007-2009 жылдары Сауд Арабиясы корольдігіндегі Араб тілі институтында білім алған.
2009-2013 жылдары Сауд Арабиясы корольдігіндегі «Ислам» университетінің Шариғат факультетін үздік дәрежемен аяқтаған.
2015-2017 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Дінтану мамандығы бойынша магистр дәрежесін қорғаған.
ҚЫЗМЕТІ
2015-2017 жылдары «Науан хазрет» атындағы Көкшетау Орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.
2015 жылдан бері Ақпараттық-насихат тобының мүшесі.
2017 жылдың наурыз айынан бастап «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамдық қызметін атқарды.
Астана қалалық «Жергілікті түсіндіру тобының» (ЖТТ) мүшесі.
2019 жылдан бастап ҚМДБ-ның жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі.
2019 жылдан бастап ҚР АҚД Дін істер комитетінің жанынан құрылған өңірлік дін мәселелері жөніндегі ақпараттық- түсіндіру тобының (РАНТ) мүшесі.