Али жақсы бала. Әкесі бай дәулетті болғаны үшін оның барлық жағдайын жасап қойған. Өкініштісі Али кедей кепшіктер қандай халде өмір сүретінін білмейтін. Бір күні Али алаңға кетіп бара жатқанда ит қуалап, тар көшеге қашып кіреді. Аяғы жерге бір тиіп бір тимей келе жатқан Али аяқ астындағы тасқа сүрініп құлайды. Али көзін байыппен ашып қараса аяқ қолындағы жараларды байлап таңып отырған бір әйелді және өзімен жасты бір баланы көреді. Мұхаммед пен анасы Алиді иттен қорғап оны өз үйлеріне алып барып бетіндегі жарақаттарды тазалай бастады. Али оларға алғысын білдірді. Олардың үй жайы төмен дәрежеде екеніне қатты қынжылды.
Кешкі ас кезінде Алидің тамағына бір нәрсе тығылғандай болып ас өтпеді.кейінгі күні анасының дайындаған тамағынан алып Мұхаммедттің үйне барып сол жерде олармен бірге тамақтанды. Жүрегі мейірімге толы Али, Пайғамбарымыз с.а.у мына бір хадиси қудусина амал жасады. Пайғамбарымыз с.а.у былай деген:
Кімде кім өзі тоқ болып көршісі аш екенін біліп тұрып түнді өткізссе, ол маған иман келмепті. (Ибн Абу Шайба)