С: Иғтикаф деген не?

Ж: Иғтикаф деп ниетпен мешітте бірнеше күн қонуды айтады. Рамазан айының соңғы он күнінде иғтикафқа отыру кифая түріндегі сүннәт мүәккада. Кифая түріндегі деп бір көшеден бір кісі иғтикаф үшін мешітте қонса, басқалардың мойнынан айыпты түсіретін амалды айтамыз. Әйтпесе барлығы да сүннетті тәрк етушілерден болады. Бұл исламда айып саналады.

С: Бұл айтылған иғтикаф басқа да иғтикаф шариғатта бар ма?

Ж: Иә, шариғатта сүннеттен басқа мұстахаб және уәжіп иғтикатар бар. Мұстахаб иғтикафтың ең аз уақытты – бір сағат. Сонда қашан мешітке кіріп иғтикафты ниет етсе одан шыққанша иғтикафқа отырушыға айналады.

С: Иғтикаф қашан уәжіп болады?

Ж: Иғтикафты нәзір еткен адамға нәзірін орындау – уәжіп.

С: Күндіз иғтикафқа отыруды нәзір еткен адамға түнде де отыруы лазым ба?

Ж: Иә, түнде де қалуы лазым.

С: Нәзір иғтикаф үшін ораза ұстау шарт па?

Ж: Иә, шарт.

С: Иғтикафқа отырушыға тыйым салынған амалдар бар ма?

Ж: Түнде немесе күндіз, әдейі немесе ұмытып жыныстық қатынас жасауды, жыныстық сезімге апаратын әрекеттерге баруы иғтикафты бұзады. Мұндайда оған қазасын өтеу жүктеледі.

С: Иғтикафтағы адамға мешіттен шығуы бола ма?

Ж: Ол мешіттен тек әжетхана үшін шығады. Әбу Ханифа  (р.а) бойынша, бір сағат себепсіз мешіттен шығатын болса иғтикаф бұзылады.. Имам Әбу Иусуф (р.а) және имам Мұхаммедтің (р.а) пікірі бойынша, күннің жартысынан астам уақыт себепсіз мешіттен тыс шықса, иғтикаф бұзылады.

С: Жұма оқылмайтын мешітте иғтикафқа отырған адам жұма күні жұманы қалай оқиды?

Ж: Жұма оқылатын мешітке барып жұма намазын оқып қайтады.

С: Иғтикафтағы адамға нендей нәрселер мұбаһ саналады?

Ж: Ол адамға  мешітте ішіп – жеуге және ұйықтауға рұқсат. Тіпті мешіт ішінде, оған сатылатын заттарды мешітке алып келместен сауда – саттық жасауға да рұқсат етілген.

 

Related Post

Рәміздер күні құтты болсын!Рәміздер күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздірінің 30-жылдығына орайҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезетте орындау республикалық акциясын Сарыағаш медресе колледжінің әкімшілігі және студенттер тікелей эфирде орындады… https://www.instagram.com/p/CeYNH-1qgrO/

ҒұсылҒұсыл

Ғұсыл парыздары және оның себептері С: Үлкен дәрет, яғни ғұсылды қашан алу керек немесе қай амалдан соң уәжіп саналады? Ж: Ғұсыл алу төмендегі амалдарға орай уәжіп болады;

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы және Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбилдаұлымен бірге арнайы іс-сапармен медресе колледжімізге келді.Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы және Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбилдаұлымен бірге арнайы іс-сапармен медресе колледжімізге келді.

Күні кеше ғана Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы және Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары