MEDRESE.KZ Жаңалықтар Зекет қандай адамға беріледі?

Зекет қандай адамға беріледі?

С: Зекет кімдерге беріледі?

Ж: Зекет алуға лайық жандар жөнінде Алла тағала қасиетті Құранда: «Шын мәнінде садақалар ( яғни, зекеттер) кедей-кешіктерге, міскіндерге, оны, (зекетті) жинауға тағайындалған адамдарға , көңілдері(исламға) жібітілуі мақсат етілген жандарға,  құлдары азат етуге, қарызға батқандарға, Алла жолындағыларға, қиналған жолаушыларға беріледі («Тәубә» сүресі, 60- аят), деген. Демек, осы аятта аталған жандар зекет алуға лайық жандар саналады.

Олар :1. Кедей- кепшік (Пақыр); 2: Міскіндер; 3. Зекет жиюға тағайындалған арнайы адамдар; 4. Көңілдерін исламға бұруды мақсат тұтатын нашар жандар; 5. Құл азаттығын алуы үшін;6 Қарызға батқандар; 7. Алла жолындағы жандар; 8 . Жолаушылар.

С: Пақыр, кедей-кепшік дегендер кім?

Ж: Пақыр- нисапқа жетпейтін мал дүниеге ие (зекет беруге шамасы жетпейтін) адам.

С: Міскін деген кім?

Ж: Міскін – түгі жоқ бейшара.

С: Зекет жинауға тағайындалғандар кім?

Ж: Олар – мұсылмандардан Алланың парыз еткен зекетін жиып алу үшін имам тағайындаған адамдар. Зекет жиюшылар өз уақыттарын осы жұмыспен өткізгендіктен, атқарған қызметіне қарай имам зекет түсімінен ақы бөліп береді.

С: Аяттағы «Құлдарды азат етуге» дегеннің мағынасы не?

Ж: Белгіленген ақшаны тауып келсе, қожайыны оны азат етуге уәде еткен құлдар тобына өздерін азат ету үшін оларға зекет есебінен жәрдем беріледі.

С: Қарызға батқандар дегеніміз кім?

Ж: Мойнында қарызы бар, бірақ құтылуға дүниесі жетпей жүрген адам.

С: Аяттағы «Алла жолындағы жандар» деген кімдер?

Ж: Бұл топқа Алла жолында ислам діні үшін, қоғамға пайдалы істер үшін нәпақаға мұқтаж болып жүргендер кіреді.

С: Аяттағы «Жолаушылар» деген кім?

Ж: Ол өз отбасында мал дүниесі болмаған, жолаушылап жүргенде қалтасы тақырланған адам.

С: « Көңілдері жібітулі мақсат етілген жандар» кімдер?

Ж: Бұл топтағы адамдардың көңілдерін исламға тарту үшін немесе исламды қабылдауы үшін Пайғамбарымыз с.а.у оларға зекет малынан үлес берген. Кейбір қауымның басшыларына Пайғамбарымыз с.а.у осылай жасаған, олардың өздері, қауымы исламға бет бұруына үміттеніп зекет берілген. Ислам діні кең қанат жайып қуаттанғаннан кейін, мұндай топқа зекет берудің қажеті болмай қалған. Өйткені, хазреті Омар р.а дәуірінде бұл топқа зекет берілмеуге ғұламалар «ижма» (ұйғарым) жасаған.

С: Демек, жеті топтағы адамдарға зекет беріледі. Зекет беруші зекетін барлық топқа бірдей бөліп бере ме немесе әр топқа жататын адамға немесе олардың ішінен белгілі бір топқа ғана бере ме?

Ж: Зекет беруші зекетті белгілі бір топтағы бір ғана адамға немесе бірнеше адамға беруі мүмкін немесе әр топқа жататын адамға, одан да көп бірнеше топтың өкілдеріне де беруіне болады.

С: Пақыр немесе міскін, бірақ өзге діннің өкіліне жататын адамға зекет беруге бола ма?

Ж: Исламнан тыс адамға ол «зимми» (өзі, малы, байлығы мұслмандардың қол астына өткен басқа дін өкілі) болсын басқа болсын зекет берілмейді.

С: Зекеттен түскен қаржыға мәйітті кебіндеуге, мешіт, медресе, аялдама, көпшілік жүретін жол салуға бола ма?

Ж: Жоқ болмайды. Мұндайға зекетін берген адам қайта тапсырады. Өйткені, зекетті лайық адамның қолына тапсырады.  Жоғарыдағы істер бұған кірмейді.

С: Медресе жұмыстарына бас болып жүрген адамға зекет берілсе үкімі қалай болмақ?

Ж: Ондай адамға зекет берілсе, оны білім жолындағылардың ішіндегі зекетке лайық жандарға атап бергені дұрыс. Бұл жауапкершілікті алған адам оны лайықты қолға беруі шарт. Сондықтан, зекет тағам үшін, мұғалімнің айлығы үшін, медресенің құрылысына қолданылмайды.

С: зекеттен түскен қаржыға азат ету үшін құл сатып алуға бола ма?

Ж: Жоқ, болмайды.

С: Зекет беруші зекетін кембағал туытарына беруге бола ма?

Ж: Туыстық екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа бір – бірінің мүлкінен пайдалана беретін әке – шешесі, атасы мен әжесі, бала – шағасы, немерелері жатады. Екінші топқа туысқан аға – іні, әпке – қарындас, әке жағынан туыс аға – іні, әпке – қарындас, нағашы аға – іні мен әпке қарындас, олардан тарағандар жатады. Бірінші топтағыларға  зекет берілмейді. Яғни, зекет берушінің зекеті әкесіне, атасына, одан да кейінгілерге берілмейді. Ал екінші топтағыларға зекет берілуге болады. Сондай – ақ, ол топтағыларға зекет берсе екі есе сауапқа кенеледі. Бірі – зекет  бергеннің сауабын, екіншісі – «силатур – рахм» (туыстық қатынасты нығайту) сауабын алады.

С: Зекет деп берілсе, олар оны қабылдамаса, не істейді?

Ж: Оны айтып берудің қажеті жоқ. Дегенмен, зекет ниеті болуы шарт. Оларға һадия (силық) деп айтылса да зекет орнында жүреді, бірақ зекет лайық, яғни тиісті адамға берілуі керек.

С: Күйеуі әйеліне, не керісінше әйелі күйеуіне зекет беруі дұрыс па?

Ж: Әбу Ханифаның (р.а) пікірінше, беруге болмайды.

С: Зекетті бай адамға немесе оның баласына беру дұрыс па?

Ж: Нисапқа толған, қажетінен артық дүниесі бар адамға зекет беруге болмайды. Тіпті ондай адамның үлкен немесе кіші жастағы да баласына зекет берілмейді. Дегенмен, оның кембағал баласына ғана зекет беруге болады.

С: Кембағал – міскіндердің ішінде де зекет берілмейтіндері бола ма?

Ж: Иә, болады. Олар – Бәни Һашим әулеті. Олардың ішіндегі бейшараларына да зекет берілмейді. Бәни Һашимдіктерге Әлидің, Аббас, ЖАғфар, Ұқайл, Харис бин Абдулмутталибтің ұрпақтары кіреді.

С: Бұл әулеттің ішінде көмекке өте мұқтаждары   табылса не істейді?

Ж: Оларға зекеттен басқа нәрсемен көмек көрсетіледі.

С: Біреу зекетін лайық деп санаған бір кісіге берсе, кейін оның бай немесе һашими екендігі немесе өзге дін өкілі, я болмаса өз әкесі немесе өз баласы екендігі анықталса зекеті зекетке есептелеме?

Ж: Әбу Ханифа (р.а) мұны зекетке есептейді. Екі имам қайтадан беру керек деп санайды.

С: Дені сау, еңбекке жарамды адамға зекет беруге бола ма?

Ж: Иә, болады.

С: Зекетті өзі тұратын жерден басқа жерге апарып беруге бола ма?

Ж: Негізінде өзі өмір сүретін жердегі бейшараларға беруі тиіс. Басқа жаққа апарып беру макруһ саналады. Бірақ бір адамның басқа қалада кембағал туысы немесе өз қаласының тұрғындарынан бете мұқтаждыққа ұшыраған жан болса, басқа қаладағы бейшараға зекетін беру макруһ емес.

Related Post

⚜️Сен өзіңді оған арнамайынша білім өзінің бір бөлігінде бермейді.⚜️Сен өзіңді оған арнамайынша білім өзінің бір бөлігінде бермейді.

🔰Алланың қалауымен кеше Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттеріне Хайруддинов Зухриддин ұстаз “Білім алу жолындағы кедергілер” атты тақырыпта уағыз насихат жүргізілді. 🔰Шәкірттер дәл осы тақырып аясында өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, ұстаздан мардымды