MEDRESE.KZ Жаңалықтар Жылқы зекеті

С: Жылқыдан зекет беріле ме?

Ж: Еркек пен ұрғашысы аралас жайлауда бір жыл бойы жайылған шаруа жылқыларынан зекет беріледі. Бұл жылқылардан зекет беретін адам ерікті. Қаласа әр бір ат үшін бір динардан (он дирһам) зекет береді. Қаласа жылқы құнын шығарып, мысалы: әр екі жүз дирһамнан бес дирһамды  зекет ретінде береді. Әбу Ханифа  (р.а) бойынша, жылқының барлығы еркек болса олардан зекет берілмейді.

С: Жылқыдан зекет беруде имамдар арасында қайшылық бар ма?

Ж: Иә, Имам әбу Иусуф (р.а) пен имам Мұхаммед (р.а) Әбу Ханифамен келіспеген. Олардың айтуынша жылқыдан зекет жоқ.

С: Қашыр мен есектен беріле ме?

Ж: Олардан зекет берілмейді. Сауда үшін ұстаса, онда зекет саудадағы мал сияқты парыз.

Related Post

Балқаш қаласынан келген қонақтар арнайы студенттермен кездесу өткізді !Балқаш қаласынан келген қонақтар арнайы студенттермен кездесу өткізді !

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімнің идеологиялық жөнінен орынбасары Жақсылықова Саягүл Жақсылыққызы және Балқаш қаласының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы басшысы Бейсенбаева Бақтыгүл Сертайқызы медресе шәкірттерімен жүздесті. Кездесу барысында