ҚМДБ-ға қарасты, Түркістан облысы өкілдігі, Түркістан қаласының орталық мешітінің бас имамы Жумадуллаев Мухаммеджан Ергешбайұлы Сарыағаш медресе колледжінің бітіруші түлектерімен кездесті. Кездесу барысында бас имам бітірушілерге діни білім жолының мақсаты елге, дінге қызмет жасау екенін айта отырып, мешіттерге қызмет етуге шақырды және мешіт қызметкерлерінің жауапкершіліктері мен міндеттерін түсіндірді. Сөз соңында шәкірттердің білімдеріне берекет сұрап, оқуларын аман есен бетулеріне тілектес екенін айтып дұға жасады.