Харф сөзі араб тілінде “әріп кез келген нәрсенің шегі белгілі бір тарап,судың арнасы тіл(диалект)” секілді бірнеше мағыналарда қолданылады. Осы тақырыпты талқылау барысында араб тіліндегі “ харф” сөзінің орнына,қазақ тіліндегі “қаріп” сөзін қолданамыз.Құран кәрімнің жеті қаріпте түсу мәселесі мұсылман ғалымдары көп талқылаған тақырыптардың бірі.Бұл тақырыптың өзіндік ерекшелігімен қатар,қиындықтары да бар.Ерекшелігі-Аллаh Тағаланың пенделеріне,оның ішінде әртүрлі ұлттармен ұлыстардан тұратын мұсылман үмбетіне берген жеңілдігі мен мейірімділігінің көрініс табуымен білінсе,тақырып төңірегінде әртүрлі көз қарастардың өрбуі әрі оны дін дұшпандарының Құран Кәрімге мін тағу құралына айналдырды және бұл тақырыпқа қатысты арнайы еңбектердің жазылмауымен ауқымды зерттеулердің аздығы тақырыптың өзіндік қиындықтарын көрсетеді.
Пайғамбарымыздан (с.а.с) жеті қаріп мәселесіне байланысты бірнеше хадистер жеткен.Құран іліміне қатысты жазылған еңбектерде осы хадистерге сүйене отырып,аталған тақырыпқа орын берілген.Кейбір адамдар жеті қаріп мәселесін қырағат ілімімен шатастарып та жатады.Әсілінде,екеуі екі бөлек нәрсе,оны осы тақырып пен қырағат мәселесін талқылау барысынан аңғаруға болады.
Омар ибн әл-Хаттаб(р.а) былай дейді. “ (Бірде) Алаh елшісінің көзі тірісінде hишам ибн Хашимнің “Фұрқан” сүресін оқып жатқанын естіп,қырағатына құлақ түрдім.Сөйтсем ол Аллаh елшісі маған үйретпеген бірнеше қырағатта оқып жатыр екен.Сонда намазда тұрған оның жағасынан алуға шақ қалдым,бірақ намазды аяқтауын күттім.Намаздан соң оның шапанын шеңгелдеп: Мен оқып жатқаныңды естіген сүрені саған кім үйретті? “-дедім. Ол “Мұны маған Аллаhтың елшісі үйретті” -деді.Мен “өтірік айтасың,Аллаh елшісі маған оны сен оқығаннан басқаша түйретті“,-дедім де оны жетелеп отырып Аллаh елшісіне апарып: “Мен мынаның “Фұрқан”сүресін сен маған үйретпеген қырағатта оқығанын естідім”,-деп шағымдандым.Аллаh елшісі: “Жібер оны! Оқы ей hишам!” деді.Ол пайғамбарғада мен оқып жатқан естіген қырағатта оқып берді. Аллаh елшісі: “Бұл сүре осылай түсірілген,” -деді.Сонансоң маған: “Енді сен оқы ей Омар! ”-деді.Мен оны өзі үйреткен қырағатта оқып бердім.Сонда Аллаh елшісі:(Бұл сүре осылай түсірілген).“Расында бұл Құран Кәрім жеті қаріпте түсірілді,одан өздеріңе жеңіл келгенін оқыңдар деп айтты” -дейді.Ибн Аббастан (р.а) жеткен деректе, Аллаh елшісі(с.а.с): “Жәбірейіл маған Қүранды бір қаріпте оқуды үйретті,бірақ мен көбірек талап ете бердімде,ақыры жеті қаріпке жетті”-деген.Убай ибн Каабтен жеткен хадисте,ол былай дейді:“Мешітте болғанымда бір кісі келіп намаз оқыды,намазды маған таңсық бір қырағат оқыды.Сосын тағы бір мешітке кіріп алдыңғы келген досының қырағаты секілді оқыды.Намазды оқып болғаннан кейін барлығымыз Аллаһ елшісіне келдік “Мына кісі мен білмеген қырағатты оқыды,сосын басқасы келіп оның оқығаны секілді оқыды,”-дедім. Аллаh елшісі(с.а.с) екеуіне оқуды бұйырып екеуіде оқыды Пайғамбар (с.а.с) екеуінде құптады сол кезде көңіліме жалғандық ұялап,өзімді жаһилдікте болғандай сезілдім.Сонда пайғамбар (с.а.с):“Уа,Убай!Маған құранды бір қаріптен оқуым үшін періште жіберілді.Мен оған үмбетіме жеңілдет,”-деп жауап қайырдым,үшінші рет келіп “Оны жеті қаріппен оқы және менің саған жауап бергенімнің әр қайсысы үш тілек сұрауға ақың бар,”-деді.Мен “Иа,Аллаһ үмбетімді кешір”!екінші рет: “Иа,Аллаһ үмбетімді кешіре гөр! ”-дедім де үшіншісін барлық жаратылыстың адамдардың,тіпті Ибраһимніңде(а.с) маған мұқтаждығы туатын күнге қалдырдым”-дедім”-деген.Имам әл-Бухариден жеткен хадисте Абдуллаһ ибн Масғуд(р.а) бір кісінің бір аят оқығанын,ал оны пайғамбарымыздың (с.а.с) одан өзгеше оқығанын естиді де,былай диді“Оның қолынан ұстап пайғамбарымызға алып келгенімде,ол (с.а.с) “сендердің екеуіңдікіде дұрыс” оқы! ”- деді.Бұл хадисті жеткізушілердің бірі Шағба пайғамбарымыздың “Сендерден бұрынғылары бөлініп,бір келісімге келмей,құрдымға кеткен”,-дегенінде жеткізеді.Осы секілді Құран Кәрімнің жеті қаріпте түскендігін білдіретіндігін басқада хадистер жетерлік.Құран Кәрімнің бірнеше харіптерде түсуінің бірден-бір сыры-мұсылман үмбетіне,оның ішінде тілдерінде өзіндік дыбыстық,грамматикалық,лексикалық ерекшеліктері бар.Араб тайпаларына берілген жеңілдік.Араб тайпалары жалпы араб тілінде сөйлегенімен,әр қайсысының өзіндік диалектілері болады.
Құран Кәрімді бір ғана харәптен оқуға оларға қиындық тудыратын еді.Бұны жоғарыда келген пайғамбарымыздың (с.а.с):” Үмбетіме жеңілдет”-деген сөздерінен анық аңғаруға болады.Аллаһ Тағаланың пенделеріне деген мейірімділігінің Құран Кәрім жеті харіпте түскен.Өйткені Мұхаммед(с.а.с) барлық адамзатқа келген ақырғы пайғамбар.Ал басқа пайғамбар белгілі бір қауымға ғана жіберілген-ді.Сонымен қатар,Құран Кәрімнің бірнеше харіптерде түсуінің пайдалары бар.
Олардың кейбір мағыналары мұсылман үмбетін бір тілдің төңірегіне жинап,бірлігін сақтау.Ол- Құран Кәрім түскен құрайыш тілі болатын.Құрайыш тілі қажылық пен сауда саттық мақсатында бас қосқан араб ру-тайпаларының тілдерін біріктірген еді.Себебі құрайыштар сырттан келген араб тайпаларының сөздерінен қалағандарын алып өз тілдеріне енгізіп отырған.Әр құрайыш тайпасы араб ру-тайпалары арасында ерекше беделге ие болуы себепті,барлық арабтар құрайыштардың өздеріне басшы ретінде де санаған еді.Сол себепті Құран Кәрім,бірнеше ру тайпа тілдерін қамтыған құрайыш тілінде нәзір болды.
Бір қатар ғалымдардың пікірі бойынша “Жеті харіп”-Құран аяттарының жеті түрлі араб диалектісінде сөздермен келуі.Олар құрайыш,һузайыл,сақиф,һаузин,кинана,тамим,яман тілдері.Өйткені,бұлар араб тілдерінің ішіндегі ең таза тілдер болып саналады.
Құран Кәрім сөзінің жеті түрлі оқу жолдары.Олар: Идғама(ассимиляция)мен изһар (анық), тафхим(жуан) мен тафхиқ(жіңшке),имала (фатхалы әріпті фатхамен кәсраның арасындағы дыбыспен оқу жолы) мен шибағ (созу),шәдду(созу) пен қасыр (қысқа),ташдит(қосарлану),тахфиф(жеңіл),тамин(жұмсақ). Әсілінде,Құран аяттарын оқу ережелерін бұнымен шекти алмаймыз.
Осыған ұқсас яғни Құран қырағатында өзгешеліктерді жеті харіпке балаған бірқатар ғалымдар бар.
Солардың бірі- Ибн Қутайба,өзінің “ Мумкилу әл-Құран” атты еңбегінде: “ Құранның оқылуындағы әр қулықты зерттей келе,мынадай жеті оқылу жолдарын таптым”,-деген.
Олар:
Біріншісі:
Әріп харекеті өзгеріп,сөз формасы мен мағынасының сақталуы.
Екіншісі:
Етістіктің өзгеріске ұшырауы.
Үшіншісі:
Әріп ноқаттарының өзгеруімен, әріптердің өзгеріске ұшырауы.
Төртіншісі:
Бір әріптің,өзіне дыбысталуы жағынан әріппен ауыстырылуы.
Бесіншісі:
Сөздердің бұрын не киін келуі.
Алтыншысы:
Артық және кем келуі.
Жетіншісі:
Бір сөздің екінші бір сөзбен ауыстырылуы.
Қорытынды
Ғалымдар арасында Құран Кәрім түскен жеті қаріптің барлығы Осман (р.а) жинақтап, көбейткен мұсхаптарда сақталып не сақталмағандығы жайлы ортақ көзқарас жоқ.Алайда, көпшілік құқықтанушылармен қарилар және кәләм ғалымдары, жеті қаріптің Осман (р.а) мұсхаптарында сақталғандығын алға тартқан.Өйткені Осман ибн Аффан (р.а) Құран Кәрімді жинақтау барсысында ,Әбу Бәкір (р.а) заманында жинақталған Құранды басшылыққа алған. Ал бұл мұсхаптың жеті харіпті қамтығандығы белгілі. Сол секілді пайғамбарымыздың (с.а.с) Жәбірейіл періштеге соңғы мәрте оқып берген Құран нұсқасы да негізге алынған болатын. Ол да жеті қаріпті қамтығандығы белгілі.
Мақала
Нашуран Айбек Қалдыбекұлы
Тақырып: Құрандағы жеті қырағат.