Бүгінгі таңда Сарыағаш медресе колледжінде 900 ден астам шәкірт тәлім алуда. Білім жолында берілген садақаның сауабы ілім иесінің өзгеге үйретері, мұра етер мирасы түгесілгенше еш сарқылмайды. Ал ілімнен асқан қазына, байлық жоқ. Өңіріміздегі жастарды имандылыққа тәрбиелеп, ислами іліммен сусындатушы білім ордасы – «Сарыағаш медресе колледжіне» көрсетілген көмек те сауабы зор амал. Бүгін Түркістан облысы, Шардара ауданының жомарт азаматтары колледжімізде тәлім алып жатқан шәкірттерге 3 тонна алма, 25 кг балық садақа етті. Алла жолында ілім ізденушілерге жасалған жақсылықтың сауабы таудай болары күмәнсіз. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жарты құрмамен болса да өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар» деген. Баршаңызды Алла жолында жақсылық жасауға шақырамыз!!!
ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАЙЫҚ
Рубрики:
Related Post
Қой зекетіҚой зекеті
С: Қой зекеті жайында не дейсіз? Ж: Қой саны қырыққа толмаса, зекет берілмейді. Жайылымда жүргеніне бір жыл толған қой саны 40 (қырыққа) жетсе,