С: Өлім алдында жатқан адамның жанында отырғандар не істейді?
Ж: Демі үзілуге жақындаған адамды оң жамбасымен қыблаға қаратып жатқызады (шалқасынан жатқызуға да болады). Жанындағы адамдар оған екі шаһадат кәлимасын («Әшһәду әл-ләә иләһә иллалла, уә әшһәду әннә Мухаммадун абдуһу уә расулуһу») естіртіп айтып отырады. Өлсе жағын таңып, көздерін жұмады. Өлген еркек-әйелге де осылай жасайды.