Өткен апта соңында «Сарыағаш медресесінде» 1996 жылдан бастау алған «Еркін күрестен» облыстық ашық турнир болып өтті. Турнирге ОҚО аудандарымен Алматы, Тараз қалаларынан ТМД елдерінен Азербайжан республикасынан да балуандар жиналып 23-24 мамыр күндері жас-өспірімдермен жастар және ересектер арасында дүбірлі дода болды. Жеңімпаздар арнайы силықтармен марапатталып, түйе балуанға ұмра қажылығы тігіліп,1994 жылы дүниеге келген Созақтық жас балуан Елубай ұлы Акбарға нәсіп етті. «Сарыағаш медресесінен» шыққан жас балуандарымыз Тораш Санжар 50 кг салмақта 3 орынға, ал Махан Айдын 50 кг 2-орынға ие болды.