MEDRESE.KZ Жаңалықтар Дәреттің сүннеттері

 

С: Дәрет сүннеттері қанша ?

Ж: Дәреттің сүннеттері он бес :

  1. Ниет ету, яғни дәретсіздіктен арылу немесе дәретпен ғана рұқсат етілген амалдарды атқаруға ниет еті;
  2. Дәрет алуды қолын үш рет білезігіне дейін жуудан бастау. Ұйқысынан тұрған адамға да дәрет суы құйылған ыдысты ұстаудан бұрын екі қолын жуу сүннет саналады;
  3. Алла зікірімен бастау;
  4. Мисуәк (тіс тазалағыш) қолдану;
  5. Үш рет ауыз шаю;
  6. Мұрнына үш рет су тартып шаю;
  7. Бір рет суланған қолмен басын түгел сипап мәсіх тарту;
  8. Екі құлағына мәсіх тарту (басын сипау үшін сулаған қолымен);
  9. Оң қол саусақтарының арасын сол қолдың саусақтарымен және сол қолдың саусақтарын оң қолдың саусақтарымен тарау;
  10. Саусақтармен сақалды тарау;
  11. Ағзаларды үш реттен жуу;
  1. Құран кәрім аяты нұсқаған тәртәппен дәрет алу. Сондықтан, бірінші бетті, кейін шынтақпен қоса екі қолдыжуу, басқа мәсіх тарту, соңынан екі тобықты қоса аяқтарын жуу керек;
  2. Жууды оң жақтан бастау ;
  3. Жуылатын ағзаларды тұтас жуу, яғни басқа амалдарды араластырмай, ретімен жуып соңына жеткізу;
  4. Мойынға мәсіх тарту.

Related Post

МағжанЖұмабаевМағжанЖұмабаев

Күні кеше Сарыағаш медресе колледжі қыздар бөлімінің шәкірттері Magzhan.kz білім порталы ұйымдастырған республикалық қашықтықтан өткізілген “Мағжан оқулары” байқауына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Шәкірттеріміздің арасынан “Ақын да бір бала ғой