Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімнің идеологиялық жөнінен орынбасары Жақсылықова Саягүл Жақсылыққызы және
Балқаш қаласының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы басшысы Бейсенбаева Бақтыгүл Сертайқызы медресе шәкірттерімен жүздесті.
Кездесу барысында студенттерді оқу бітіргеннен кейін Балқаш қаласына жұмысқа орналасу және қызметтер жайында баяндады.
Аталмыш іс-сапар мақсаты Теология, Имам Хатиб және т.б діни салалары бойынша Балқаш өңіріне жұмысқа шақыру.
Сондай-ақ Сарыағаш медресе колледжінің кітапханасының қорына Балқаш өңірі жайлы кітаптарды сыйға тартты.
Жиын соңында бітіруші түлектер келген қонақтарға сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды.