MEDRESE.KZ Жаңалықтар Ақырзаман ғұламалары

lauth-2003-1_1364680579.jpg.814x610_q85Ақырет ғұламаларынан мақсат- ақырет үшін ілім алып, сол  білімін Аллаһ разылығы үшін жұмсаған  шыншыл ғалымдар. Олар ақыретті бұл дүниеден жоғары қойған. Олардың істері сөздеріне қайшы болмайды. Сондай-ақ олар ақыретте пайда беретін білімге қызыққан.

Сол ғалымдарданң бірі- Шақиқ Балхий, ол кісі бір күні Хатим есімді шәкіртіне: «Біраз уақыт менің сұхбатымда болдың ғой, енді маған не үйренгеніңді айтшы»- дегенде, ол  кісі сегіз нәрсені санап айтқан екен;

  1. Біріншісі: Мен адамдардың өміріне назар салып, ойланып қарасам, әр бір адамның махаббат қойған нәрсесі бар екен. Ал, махаббат қойған нәрсесі  болса, адам қабірге қойылғанда одан ажыралып қалады. Сондықтан мен қабірімде бірге болуы үшін сауапты істерге махаббат қойдым.
  2. Екіншісі: Аллаһ тағаланың жаннаттық кісілер жайында айтқан: « Нәпсісін жеңіл ой- қалаулардан қайтарды»- деген сөзін оқыдым. Сонда, нәпсіні қайтару үшін нәпсіні қинадым да соңында Аллаһ тағаланың ғибадатында берік болдым.
  3. Үшіншісі: Кімде-кім қымбат – құнды нәрсеге ие болса, соны қатты қорғайтынын көрдім. Кейін Аллаһ тағаланың: «Сендердің алдарыңдағы нәрсе бітеді. Алланың құзырындағы нәрсе мәңгі- бақи», — сөзін көрдім, содан бастап, қолыма құнды- қымбат бағалы нәрсе түссе, қолымда мәңгі- бақи болуы үшін сол қымбат нәрсені Аллаһ жолында жұмсап, Алланың құзырына жібердім.
  4. Төртіншісі: Адамдардың мансап- мәртебеге, мал- дүниеге және абыройға қызығып тырысып жатқанына куә болдым. Негізінде, олар арзымайтын нәрселер ғой. Аллаһ тағаланың: « Әлбетте, Алланың құзырында құрметтілерің- тақуаларың» — деген сөзіне амал жасадым, Оның құзырында құрметті болу үшін тақуаны алдым.
  5. Бесіншісі: Адамдар бір- біріне күншілдік, көрелмаушылық қылып жатқандарын көрдім. Және Аллаһ тағаланың: «Біз олардың өмірін, рызық-несібесін мөлшерлеп бөліп қойғанбыз»,- деген сөзіне сай, күншілдікті тастадым.
  6. Алтыншысы: Адамдар өзара дұшпандасып жатқандарын күзеттім. Аллаһ тағаланың: « Әлбетте, шайтан сендерге дұшпан. Ендеше, оны дұшпан тұтыңдар»,- деген сөзіне амал етіп, адамдарға дұшпан болуды тастап, жалғыз шайтанды өзіме дұшпан еттім.
  7. Жетіншісі: Ризық талабында адамдар өздерін-өздері қорлауларына куә болдым. Алла тағаланың: « Жер бетінде өрмелеген нәрсенің барлығының ризық- несібесі Аллаһтың мойнында»,- деген сөзіне амал жасап, мойнындағы міндет болған нәрселерді оған тапсырдым.

 

  1. Сегізіншісі: Адамдардың сауда-мал дәулет дүниесіне, бала- шағаларына және денсаулықтарына сүйенулерін көрдім. Ал, мен Аллаһ тағалаға сүйендім» — деп жауап берген екен.                                                                                                                                                                                                                                     Ақырет ғалымдары өте сенімді болмайынша пәтуә беруге асықпаған. Олар амалдарды бұзатын, жүректерді кірлететін жолдан аздыратын себептерді терең үйренген. Өйткені, амалдардың сурет- көрінісі жеңіл, оларды пәктеу- тазалау өте қиын. Діннің негізі жамандықтан сақтану. Жамандықты білмей тұрып, одан сақтануға болмайды.

 

Related Post

Сира жарысының бүгін финалдық кезеңі болып өтті.Сира жарысының бүгін финалдық кезеңі болып өтті.

Аталмыш сайыстың мақсаты шәкірттерді Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген ықыласын арттыру және өміріне деген қызығушылығын тудыру. Алдағы уақытта сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар Мәуліт кешінде марапатталатын болады!

Сақтап қойған қырық алтының бар ғойСақтап қойған қырық алтының бар ғой

Әулиелердің ұлыларынан болған хазреті Бахауддин Бұхаридің «рахметуллаһи та’ала алейһ» заманында бір жас жігіт, осы әулиенің есімін естіп қызығады. Өйткені, ол жайында адамдар: «Аллаһтың сүйікті құлы, ұлы әулие кісі, көптеген кереметтері