MEDRESE.KZ Ғибратнама Ашуланба

Бір күні пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір тайпаның көсемі келеді. Қайтарында: «Мырзам, маған бір насихат беріңіз!» деп сұрайды.

Пайғамбарымыз алейһисалам оған: «Мұқият бол, Ашуланба!» дейді.

Тайпаның көсемі бұл қысқа ғана насихатқа таң қалып, ауылына қарай беттейді. Ауылына келсе, ауыл тұрғындарының жасақтанып жатқанын байқайды. Олардан алаңдаумен сұрайды:

— Тыныштық па, не болды?
- Біздің жастарымыз көрші тайпаның малдарынан бірнешеуін ұрлапты. Олардың қаруланып бізге келетіндерін ойлап, қорғану үшін жасақтанып жатырмыз,- дейді.
— Демек бізге шабуыл жасамақшы ма,- деп айбаттанып, тайпаның көсемі де қаруланады. Дәл сол сәтте пайғамбарымыздың алейһисалам насихаты есіне түседі.
Дереу тәубе етіп, қару жарақтарын тастап, тұрғындарға былай дейді:
— Мен қазір арғы тайпаға барып сөйлесемін. Келіспесе де жоғалтарымыз жоқ.
Арғы ауылға жақындағанда, сол ауылдың тұрғындары таңырқап, оны көсемдерінің жанына алып барады. Көсемдерімен сәлемдесіп былай дейді:
— Біздің жастарымыз сендердің малдарыңа зиян келтіріпті. Қателік бізден. Барлық шығындарды мен өтеймін. Осының кесірінен қан төгілмеуі тиіс.
Арғы көсем бұл кең пейілділіке қатты риза болып:
- Олай болса мен де барлық нұқсандарды кештім,- дейді.
Осылайша қан төгілмей араларында бейбітшілік орнайды.

Related Post

ЛұқмаЛұқма

Али жақсы бала. Әкесі бай дәулетті болғаны үшін оның барлық жағдайын жасап қойған. Өкініштісі Али кедей кепшіктер қандай халде өмір сүретінін білмейтін.