MEDRESE.KZ Ғибратнама Ауыздағы тас

Пайғамбарымыз (с.а.у ) Әбу Бәкірмен (р.а) бірге отыр еді, бір әдепсіз кісі келіп, Әбу Бәкір (р.а) дың намысына тиетін сөздер айта бастады. Пайғамбарымыз (с.а.у) ол әдепсіздікке үнсіздікпен жауап берді.Бірақ намысқа тию өршіп кетіп Әбу Бәкір р.а шыдай алмай ол кісіге ашумен сөйледі. Сол мезет Расулуллоһ с.а.у орнынан тұрып кетіп қалды.

Әбу Бәкірде ( р.а) пайғамбарымыз с.а.у соңынан еріп ол кісіге жетіп алып мән жайды сұрады:

— Я Алланың елшісі, манағы кісінің әдепсіздігіне лам мим демедіңіз. Бірақ оған жауап қайтарып едім кетіп қалдыңыз, маған ашуландыңыз ба?

— Сол әдепсіз адам сізге қарсы сөйлеуді бастағанда Аллаһ тағала оны қуып жіберу үшін бір періштені түсірді. Сіз ашуға мініп оған жауап қатқанда періште кетіп, орнына шайтан келді (Алланың лағнеті болсын) шайтан болған жерде мен тұрмаймын.

Осы оқиғадан кейін хазірет Әбу Бәкір Сыддық р.а аузына тас салып жүретін болды. Қашан бір нәрсені сөйлеу керек болса бір сәтке аузындағы тасты шағарып сөйлейтін. Сосын тасты қайта аузына салып қоятын.

Related Post

Сақтап қойған қырық алтының бар ғойСақтап қойған қырық алтының бар ғой

Әулиелердің ұлыларынан болған хазреті Бахауддин Бұхаридің «рахметуллаһи та’ала алейһ» заманында бір жас жігіт, осы әулиенің есімін естіп қызығады. Өйткені, ол жайында адамдар: «Аллаһтың сүйікті құлы, ұлы әулие кісі, көптеген кереметтері