MEDRESE.KZ Жаңалықтар Абдуғаппар Сманов арыстықтарға көмек көрсетті…

Абдуғаппар Сманов арыстықтарға көмек көрсетті…

700-ден астам студентті тегін жатақхана, үш мезіл тамақпен қамтамасыз етіп келе жатқан Сарыағаш медресе-колледжінің директоры Абдуғаппар Сманов та жұрттан қалыспай, арыстықтардан көмегін аянып қалмады деп yassi.kz порталына сілме жасайды medrese.kz  баспасөзі. Ауыр жүк көлігін толтырып азық-түлік пен қауын-қарбыз бен мал әкелді.

Бір қиындықтан кейін Жаратқан Жаббар Иеміздің жеңілдіктері жетеді. Сабыр етсек, бұл сынақ та өтіп кетеді.

Абдуғаппар Сманов арыстықтармен емен-жарқын ұзақ әңгімелесті. Ақсақалдар ұстазды қимай қалды.

Қиындықта көңіл сұрап, көмек көрсетіп жатқан көпшілікке арыстықтар ризашылықтарын білдірді. Абдуғаппар ұстаз халыққа дұға етіп, тарқасты.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданындағы үш мешітте апатты аумақтан көшірілген адамдар қоныстады. Олардың алғашқы легін жергілікті атқарушы билік өз қамқорлықтарына алып кетті.

Сарыағаш медресе-колледжінің көмегі Жылға және Шеңгелді ауылындағы арыстықтарға жөнелтілді. Алла Тағала разы болсын!

Related Post

30 мамыр күні шет тілінен өтетін сайысқа іріктеу болып өтті.30 мамыр күні шет тілінен өтетін сайысқа іріктеу болып өтті.

Колледж студенттерінің арасында 30 мамыр күні шет тілінен (ағылшын) The limits of my language mean the limits of my world (Менің тілімнің шекаралары менің әлемімнің шекарасын білдіреді) атты тақырыпта өтетін

Бір жас жігітБір жас жігіт

Бір жас жігіт Қағбада «Ей дұрыстардың көмекшісі болған Аллаһым! Ей харамдардан сақтанғандардың көмекшісі болған Аллаһым саған шүкір етемін!» деп қайталай береді. Біреу келіп «неге қайта қайта бір дұғаны қайталай бересің