MEDRESE.KZ Жаңалықтар ⚜️Өмірдегі басты мамандық, ол әрине, ұстаз. Өйткені, ұстаз барлық мамандарды тәрбиелейді, бәріне білім береді.

⚜️Өмірдегі басты мамандық, ол әрине, ұстаз. Өйткені, ұстаз барлық мамандарды тәрбиелейді, бәріне білім береді.

🔰Адамзат баласына тән қасиеттерді, сұлулық пен сүйіспеншілікті, адалдық пен адамдықты, мейірім мен махаббатты бар бойына сіңіре білген ұстаздарымызға қанша алғыс айтып, құрмет көрсетсек те артықтық етпес.

🔰Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан медресе-колледж ұстаздарына қаржылай сыйақы табысталды. Колледж басшысы Дінмұхамед Абдужаппарұлы ұлағатты ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады!

🔰Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға- деп, Абай Құнанбайұлы ұстаздық мәртебе әр қашанда жоғары екендігін дәріптеген.
Ұстазға құрмет қашанда адамзатқа міндет!

Related Post

Мұсылмандардың ең жақсысы болайық!Мұсылмандардың ең жақсысы болайық!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын Алла тағалаға таусылмайтын мадақ-мақтаулар болсын. Пайғамбарымызға мейілінше, кәміл салауаттар болсын. Әбу Һурайрадан (Алла одан разы болсын) риуаят етіледі: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен