MEDRESE.KZ Жаңалықтар ⚜️Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.

⚜️Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.

🔰32 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

🔰Дәл осы ұлттық мерекені шәкірттерімізге сезіндіру үшін бүгін тағы бір іс-шараның куәгері болдық. 13-11-21 тобымен Сарыағаш медресе колледжінің кітапхана меңгерушісі Сейтханова Мадина ұстаздың жетекшілігімен ұлттық құндылыққа толы тәрбие сағаты өз деңгейінде аталып өтті.

🔰Шәкірттер өздеріне қажетті білімді бойына сіңіріп, қажетті ақпараттарды алды.

Related Post