MEDRESE.KZ Жаңалықтар ⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің белсенді мүшесі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директорының орынбасары, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Төреәлі Еділбайұлы Қыдыр ұстаз арнайы іс-сапармен келді.

⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің белсенді мүшесі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директорының орынбасары, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Төреәлі Еділбайұлы Қыдыр ұстаз арнайы іс-сапармен келді.

🔰Іс-сапар барысында Төреәлі Қыдыр ұстаз шәкірттермен кездесіп, Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығында уағыз-насихат жүргізді.

🔰Жиналған шәкірттерге әдеби кітаптардың берер пайдасына тоқталып көбірек оқуға кеңес етті.

🔰Сонымен қатар Төреәлі Ұстаз ханафи мәзһабының өміршеңдігі жайлы және ата-ананың арқалаған үмітін ақтау жолындағы перзенттік борыштары, шәкірттік міндеттері жайында да сүбелі сөз қозғалды.

🔰Айтылған мағыналы уағыз бойынша шәкірттер толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

🔰Алтын уақытын бөліп, медресе шәкірттеріне құнды дүниелермен бөліскен Ұстаз Төреәлі Еділбайұлына өз алғысымызды білдіреміз!

Related Post

Бұл сұрақ төңірегінде көпшілік әр айт мерекесі сайын ойланады.Бұл сұрақ төңірегінде көпшілік әр айт мерекесі сайын ойланады.

ЖАУАБЫ: Алланың Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға Ораза айт пен Құрбан айттың екі күнінде ораза ұстауға тыйым салатын»[1], — делінеді. Ал, Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі