MEDRESE.KZ Жаңалықтар ⚜️БАС МҮФТИ САРЫАҒАШТА ӨТКЕН МӘУЛІТ КЕШІНЕ ҚАТЫСТЫ

⚜️БАС МҮФТИ САРЫАҒАШТА ӨТКЕН МӘУЛІТ КЕШІНЕ ҚАТЫСТЫ

🔰Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Сарыағаш» медресе-колледжінің ұйымдастыруымен өткен Мәуліт кешіне қатысты.

🔰Мәуліт кешінде Бас мүфти жамағатқа ізгі ниетін жеткізіп, насихат айтты.

«🔰Біз Алла Елшісін ардақтаймыз. Есімін құрмет қыламыз. Содан болар қазақ жерінде Мәуліт мерекесі бірнеше ай қатарынан жалғасып, атап өтіледі. Мұның астарында үлкен насихат жатыр. Ол – дініміздің насихаты. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен алар үлгі көп. Құранның «Ахзаб» сүресінің 21-аятында Алла Тағала: «Шүбәсіз, Алла елшісінде сендер үшін қай жағынан алсақ та, теңдессіз үлгі-өнеге бар» — деп, Пайғамбар өмірін біздерге шамшырақ еткен. Олай болса, Пайғамбарымыз көрсеткен, насихаттаған ізгі қоғамды қалыптастыруда осындай мәуліт жиындарының мәнісі өте зор.

🔰Бүгінгі Мәуліт кешінде асыл дініміздің көкжиегін кеңейтуде барын салған біздің аяулы ұстаздарымызды да еске алдық. Алла оларға разы болып, Өз Мейіріміне бөлесін!

🔰Қадірлі Мәуліт кешінің қонақтары! Алла Тағала баршамыздың қоғамға, өзгелерге, айналаға пайдалы болуымызды нәсіп етсін. Алла сауаптан жазсын! Білім жолында жүрген бауыр-қарындастарымызға Алла қуат, сабырлық нәсіп етсін! Мәуліт кеші құтты болсын» деді.

🔰Кеште ардақты Алла Елшісіне салауаттар айтылып, белгілі ақын, жыршы Жәкен Омаров мәуліт жырын айтты. Одан бөлек медресе шәкірттері арнау жырын оқыды. Белгілі өнерпаздар күй тартып, мәуліт кешіне көрік сыйлады.

Related Post

⚜️Құран — Алланың сөзі, жүректің нұры.Бейбіт елде өмір сүріп, Құранды еркін оқи алуымыздың өзі Жаратқанның елімізге төккен мейірімі.⚜️Құран — Алланың сөзі, жүректің нұры.Бейбіт елде өмір сүріп, Құранды еркін оқи алуымыздың өзі Жаратқанның елімізге төккен мейірімі.

🔰Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына орай Сарыағаш медресе колледжінде медресеішілік Құран жарысы болып өтті. 🔰Аталмыш жарысқа шәкірттер белсене қатысып, нетижесінде әділ-қазылар төмендегі қатысушыларды жеңіске лайықты деп таныды. 1-пара✅1. Досмұхаммед Абдусамад 2-курс2.Усманов Темур

Діни экстримизм мен терроризмнің алдын алуДіни экстримизм мен терроризмнің алдын алу

Діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында колледжімізге Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы келді.Келудегі мақсат радикалды діни ағымдарының алдын алу.