MEDRESE.KZ Жаңалықтар Үлкен жақсылық

Бір күні бір кісі үйінің есігін ашқанында полициялар тұрғанын көреді. Қобалжып:
— Бірдеңе керек пе еді?- деп сұрайды. Комиссар:
— Үйіңізді тонаған ұрыны ұстадық, -деп жауап береді.
Әлгі кісі шамалы тұрып, «Қане ішке кіріңіздер!» деп шетке шегінеді. Бәрі бірге ішке кіреді. Кісі алдын полициялармен, кейін жас жігітпен қол алысып:
— Келгендерің қандай жақсы болды. Бұл жігітпен танысқым келіп жүрген еді,- дейді. Полициялардың біреуі:
— Бұл жігіт форма кимейтін полиция қызметкері емес, ол ұры,- дейді.
— Ұры екенін біліп тұрмын, бірақ енді шағымымды қайтып алдым,- дейді. Бәрі таң қалады. Қонақтарға шай, тәттілер ұсынғаннан кейін, әңгімесін жалғастырды:
— Үйім тоналудан алдын, түннің бір уағына дейін отырғанымнан, таң намазына тұра алмайтын едім. Қанша қаласам да күніне Құран кәрімнің бір парағын да оқуға уақыт таба алмайтынмын. Оқыған намаздарым да, асығыстықтан шала-шарпы болатын. Бұл жас жігіт мені осы ғафлеттен (қараңғылықтан) құтқарды. Өйткені теледидарымды ұрлаған еді,- дейді.

Related Post

Қыздар арасында құран жарысы болып өтті!Қыздар арасында құран жарысы болып өтті!

Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с), «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге

Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф өмірден оздыШейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф өмірден озды

10- наурыз күні кешке Орта Азия мұсылмандары діни басқармасының бұрынғы муфтиі және Өзбекстан республикасының егемендік алған жылдардағы бірінші муфтиі  Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуфтың 63 жасында бұл өмірден өткендігі жайлы

Түркістан қаласында самбо күресінен ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.Түркістан қаласында самбо күресінен ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Аталған байрақты бәсекеде әріптесіміз, Сарыағаш медресе колледжінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Байғараев Мұрат Қуатбекұлы да сынға түскен болатын. Аталған байрақты бәсекеде Мұрат Қуатбекұлы  жүлделі ІІІ-орынды иемденіп қайтты.