19.05.2022 ж.Сарыағаш медресе колледжі студенттерінің қыздар арасында құранның III,II,I парасын жатқа оқу бойынша сайыс болып өтті. Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Ол тұтқадан ұстағанды Алла Өзі сақтап, ол нұрға ергендерді Алла Өзі құтқарады. Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Расында, Алла Тағала осы Кітаппен (амал еткен) қауымның (екі дүниеде де) мерейін өсіріп, ал (амал етпеген) қауымның дәрежесін түсіріп, қор қылады» деп айтты». Осы себептен әрі өзімізді, әрі бала-шағамызды Құран Кәрімнің сүйіспеншілігі және көркем ахлағымен безендіруіміз қажет-ақ. Сайысты Төребеков Нұралы, Кадиров Еркін, Жакипов Жүсіпхан ұстаздарымыз төрелік етіп, студенттер арасынан үздіктері анықталды. I -парадан 3- ші орын Турисматова Фатима2-ші орын Сабирова Динара1-ші орын Бауыржан ЖаннатгүлII-парадан3-ші орын Шукралиева Адемай2-ші орын Огаликова Артықай1-ші орын Абдукаримова ФотимабануIII- парадан3-ші орын Мүттан Әмина2-ші орын Огаликова Нафиса1-ші орын Бағытжан ЗейнепСтуденттеріміз өз білімдерін зеректігін анық көрсете алды. Жарысқа қаржылай демеушілік жасаған, елімізге танымал, өнер жолындағы Абдужаппар Алқожа Абдуразақұлы отбасымен келіп жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтарын табыстады.



