MEDRESE.KZ Жаңалықтар Қасиетті үш айлар басталды

Қасиетті үш айдың ішіндегі ражаб (ережеп) айы бүгін басталды.  Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат, ал рамазан жақындық пен нығмет айы болып табылады. Зуннун Мысри былай дейді: «Ражаб тұқым себу, шаъбан айы егінді сулау, ал рамазан болса, жемісті жинау айы».

Ражаб (ережеп) айы кешірім, шағбан айы шапағат және рамазан айы сауаптардың еселеніп берілетін ай екендігі көрсетілген. Бұл айларды құрметтеу күнәлардан алыс тұру және ғибадат ету арқылы жүзеге асады. Құрмет көрсеткен адам оның қайтарымын алады. Осы қасиетті уақыттарда уәде етілген сауаптарды алу үшін ең алдымен сенімді түзеу керек. Ғылымхал ілімдерін үйрену керек, соларға сай өмір сүру керек. Көп тәубе жасап, кешірім сұрау керек. Қаза болған намаздарын оқуды бастау қажет. Тезірек қарыздардан құтылуға тырысу керек.

Related Post

⚜️Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай Сарыағаш медресе колледжіне қарасты Шәкір Ешан атындағы спорт кешенінде ұстаздар мен шәкірттер арасында спорттық турнир болып өтті.⚜️Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай Сарыағаш медресе колледжіне қарасты Шәкір Ешан атындағы спорт кешенінде ұстаздар мен шәкірттер арасында спорттық турнир болып өтті.

🔰Спорттық шарада қатысушылар арқан тартыс, футбол, турникке тартылудан бақ сынасты. 🔰Жарыс нәтижесі бойынша арқан тартыстан1-орын “Арыс” командасы2-орын “Ордабасы” командасы3-орын “Айбат” командасы 🔰Ал, футболдың қорытындысы бойынша 1-орын “Қайрат” командасы2-орын “Айбат” командасы3-орын