MEDRESE.KZ Жаңалықтар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған сапарында «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенттерімен кездесті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған сапарында «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенттерімен кездесті.

«Білім – амалдың негізі. Амалсыз білімнің пайдасы болмайтыны секілді білімсіз амалдың да еш пайдасы жоқ. Білім мен амал – бірін-бірі толықтырушы, бір-бірінен ажыратуға болмайтын егіз ұғым. Алла Тағаланы тану, Оның ризалығына жету жолына түскен адам терең білім алуға тырысады. Жаратушы Иеміз Құранда: «Алла сендердің араларыңнан иман келтіргендер мен білім иелерін жоғары дәрежелерге көтереді» («Мүжәдәлә» сүресі, 11-аят) деп баяндайды. Біз бұл аяттан Алла Тағала білімді адамның дәрежесін екі дүниеде көтеріп қоятынын түсінеміз. Құдайға шүкір, қазір білім алуға мүмкіндік көп. Ендеше, алтын уақыттарыңызды терең білім алуға арнасаңыздар өмірде көптеген игілікке кенелесіздер» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дәріс соңында Бас мүфти шәкірттерге дұға жасап, білім жолындағы қадамдарына игі тілегін жеткізді.

Related Post

⚜️”Тәрбиеші-тірегім” осындай атаумен медресе шәкірттеріне тәрбиешілік жасап жүрген тәрбиеші мамандарына арнап психологиялық тренинг өткізілді.⚜️”Тәрбиеші-тірегім” осындай атаумен медресе шәкірттеріне тәрбиешілік жасап жүрген тәрбиеші мамандарына арнап психологиялық тренинг өткізілді.

🔰Тренинг жүргізушісі педагог-психолог Ұстаз Раушан Мейірбекова тәрбиеші ұстаздар шәкірттермен бейбіт қарым-қатынас жасау кезінде қолданылатын әртүрлі тактикалар мен қызықты эксперименттер жасалды. Тәртіп бар жерде ғана білім болатындығын ескере отырып, тәрбиеші мамандардың

⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжі шәкірттерінің арасында “Менің Отаным Қазақстан” атты эссе байқауы болып өтті.⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжі шәкірттерінің арасында “Менің Отаным Қазақстан” атты эссе байқауы болып өтті.

🔰Бұл шығармашылық сайыстың мақсаты жастарды отанға деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа үйрету еді. Шәкірттер эссе жазу барысында өздерінің бойындағы белсенділіктерін көрсетті. 🔰Атсалысқан оқушыларға шығармашылық табыстар тілей отырып, төмендегі оқушыларды ерекше марапатталды, олар: