MEDRESE.KZ Ғибратнама Шынайы сенім

Атақты ғалым Әбу Бәкір Баррак Құран Кәрім үйрену үшін, баласын медресеге жіберетін. Бір күні баласы медреседен коркыныштан сұп-сұр болып оралады. Мұны көрген хазіреті Әбу Бәкір Баррак:

–  Балам, не болды саған, түрің өзгеріп кетіпті ғой?!, — деп сұрады. Баласы:

–  Әкетайым бүгін медреседе Құран Кэрімдегі: «Егер қарсыласа берсеңдер, жас балалардың шашын ағартатын күннен қалай сақтанасыңдар?» (Мүзэммил, 17) аятын окыдық. Мұны ойлаған сайын төбе шашым тік тұрады, — деп жауап кайтарды.

Сол күннен бастап баласы төсек тартып жатып қалады. Сөйтіп арадан көп уакыт өтпей, баласы дүние салады. Хазіреті Әбу Бәкір Баррак баласының кабірін жиі зиярат етіп, қабірді құшақтап тұрып:

Мен сонша уақыттан бері Құран Кәрім оқып келе жатырмын. Бірак о дүниедегі қорқынышты жағдайды балам сияқты ойланып, әсерленген емеспін. Ертең (қияметте) жағдайым қандай болмақ!? Нендей өкініш! — деп қайғырған екен.

Related Post

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.

Алла Тағала Әбдуғаппар ұстазымызды рақымына бөлеп, жәннатын нәсіп еткей. Артында қалған ағайын-жұрты мен отбасына Алладан көркем сабыр тілейміз. «Тас түскен жеріне ауыр» десе де бұл қайғылы хабар баршамызға ауыр тиді.

Ұстазын жылатқан жауапҰстазын жылатқан жауап

Мұғалім, бір оқушыдан үлкейгенде кім боласың деп сұрап еді айналасындағы басқа оқушылар күліп мазақ қыла бастады. Себебі басқа оқушылардың жауабы ұшқыш, дәрігер, сот, прокурор дегендер еді. Бірақ бір оқушы ғажайып

Балаларға құранды және сүннетті үйретуБалаларға құранды және сүннетті үйрету

Белгілі болғандай құран кәрім адам перзентіне Алланың сөзі ретінде екі дүние бақытын көрсетіп беруші кітап. Солай екен ата-ана өз перзенттері кемелдікте өсулері үшін ең алдымен осы ұлы кітәпті өз перзенттеріне