MEDRESE.KZ Жаңалықтар Халифа Омардың өз ұлы Абдуррахманды жазаға тартуы

Халифа Омардың өз ұлы Абдуррахманды жазаға тартуы

Ибн Омар (р.а.) айтады: «Омардың халифалығы кезінде .Бауырым Абдуррахманмен бірге Әбу Сәруәа деген атпен танылған Уқба ибн Харис Мысырда бір күні ішімдік ішіп, мас болады. Ертеңіне Мысыр әмірі Амр ибн Астың алдына барып: «Діннің үкімі бойынша бізді жазалап, күнәмізді жуып-шаюға әмір бер, өйткені біз ішімдік ішіп, мас болдық», — дейді. Бауырым Абдуррахман мас болғанша ішімдік ішкенін маған да айтқан болатын. Мен оған шариғаттың жазасын қолданып, күнәсінен арылтуды ойладым. Алайда, олардың Амр ибн Асқа барғанын білмеген едім.Кейін олар Амр ибн Асқа жолыққандарын айтты. Оған: «Шашыңды ел- жұрттың көзінше алдырма, үйге кір», — дедім. Өйткені, шариғат жазасы қолданылар алдында күнәһардың шашы да тықырлап алынатын. Мен өз қолыммен бауырымның шашын алдым. Сосын Амр ибн Ас оларға шариғат жазасын қолданды.

Біраз уақыт өткеннен кейін Омар болған жайды естіп-біліп, Амр ибн Асқа «Абдуррахманды жүк артылған түйеге мінгізіп, маған аттандыр» деп хабар жібереді. Ақыры не керек, Халифа да Абдуррахманды шариғат негізінде жазалайды.Содан соң оны Мысырға жібереді. Бауырым осыдан соң, бір айдай тың жүрген еді. Алайда, кенеттен ана дүниеге аттанады. Халық оны Омар қолданған жазадан қайтыс болды деп ойлады, алайда бұл шындыққа жанаспайды.Ол өз ажалымен жан тапсырды. Ең бастысы, мен оның күнәсін ана дүниеге арқалап кетпегеніне іштей қуандым»

Related Post

Найб мүфти Сарыағаш медресе колледжінде болдыНайб мүфти Сарыағаш медресе колледжінде болды

Сарыағаш медресе колледжінде, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, найб мүфти Бауыржан Есмахан және ҚМДБ мешіт істер бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігіт, ОҚО өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы колледжіміздің тыныс тіршілігімен танысып қайтты. Найб

Тозақты қалдырып, Жәннәтқа кіретін ең соңғы адам туралы хадисТозақты қалдырып, Жәннәтқа кіретін ең соңғы адам туралы хадис

          Ибн Масғұд (Аллаһ разы болсын ол кісіден) Пайғамбарымыздың (Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) айтқанын былай әңгімелейді: «Меп Оттан шығыпЖәннәтқа кіретін ең соңғыны білемін. Бұл адам оттан еңбектеп шығады, сондаАллаһ Тағала айтады: «Бар да Жәннәтқа кір!»

Тәжікстан президенті тек қыздар гинеколог болуы керек дейдіТәжікстан президенті тек қыздар гинеколог болуы керек дейді

Тәжікстан президенті Имомали Рахмон, тәжікстан халқының діндарлығын ескере отырып, акушер гинеколг тек әйелдер болуы керек еркектер емес дейді. Бұл жайында «Интерфакс» хабар берді.