MEDRESE.KZ Жаңалықтар Хайз, Нифас және Истихаза етекірлері

Хайз, Нифас және Истихаза етекірлері

С: Хайыз етеккірі не нәрсе?

Ж: Алла тағала әйелдерге жатырынан қан келіп тұруды жазған. Жалпы әйел затында бұл қан ай сайын келеді. Бұл қан шариғат тілімен хайыз етеккірі деп аталады. Сондай-ақ, бұл қан келмейтін кезді пәктік уақыт (туһр) дейді.

С: Шариғатта әйелдің пәктігі мен хайызына арналған үкімдер барма?

Ж: Иә, фиқһ кітаптарында оларға байланысты арнайы үкімдер бар.

С: Хайыз әйелге байланысты үкімдер қандай?

Ж: Олар:

  1. Хайыз әйел парыз, нәпіл намаздарды оқымайды және ораза ұстамайды.
  2. Оған мешітке кіруге, Қағбаны тәуеп етуге рұқсат етілмейді.
  3. Құран кәрім оқымайды.
  4. Құран кәрімді сыртындағы қапшықсыз ұстамайды.
  5. Жыныстық қатынас жасамайды.

С: Хайыз етеккірінен тазаланған әйел оқымаған намазын, ұстамаған оразасының қазасын өтейме?

Ж: Хайыз етеккірі уақытында оқылмаған намаздың қазасы болмайды. Ал Рамазан оразасының пәктік уақытында қазасын өтеу парыз саналады.

С: Хайыздың белгілі бір шектелуі, белгіленіп, бекітілген уақыты барма?

Ж: Хайыздың ең аз мерзімі үш күн, үш түн. Ал, мерзімнің ең ұзақтығы он күн, он түн.

С: Хайыз етеккірінің арнайы бір түсі болама?

Ж: Хайыз етеккірі күндерінің ішінде әйел жатырынан келіп жатқан қан тұнық сұйықтыққа айналмайынша, қызыл, сары түсті немесе лайлы сияқты сұйық болса, ол хайыз саналады.

С: Хайыз қаны тоқтаса немесе тұнық сұйыққа айналса қашан онымен жыныстық қатынасқа барған дұрыс?

Ж: Хайыз етеккірі он күннен кем уақыты тоқтаса, ғұсыл алмайынша немесе кәміл бір намаз уақыты өтпейінше онымен жыныстық қатынасқа бару дұрыс емес. Ал хайыз әйел әдеттегісінше он күнге толып тоқтаса, ғұсыл алмаса да, онымен жыныстық қатынасқа бару дұрыс.

С: Хайыздан хайызға дейінгі пәк уақыт (туһр) хайыз етеккірі үкімінде ме немесе пәктік үкіміндеме?

Ж: Пәктік деп хайыздан хайызға дейінгі аралық мезгілге айтылады.. оның өз үкімдері бар.

С: Пәктікке бекітілген уақыт барма?

Ж: Иә, пәктіктің мерзімі – кемі он бес күн (Бұл табиғин Ибрахим Наһаий бойынша, ал табиғин Ата әл-Хурасәний он тоғыз күн деп санаған). Пәктіктің  мерзімінің шегі жоқ. (Мысалы, әйелдің пәктігі бір жылға созылса да хайыз көрмейінше пәк саналады.)

С: Нифас етеккірі деген не?

Ж: Ол әйел босанған соң жатырынан келетін қан.

С: Оның мезгілі қаншы?

Ж: Оның көбі қырық күн, келуінің ең аз мөлшері үшін уақыт белгіленбеген.

С: Нифасқа қай үкімдер тиісті?

Ж: Нифас етеккірінің үкімдері хайыз етеккірінің үкімдері сияқты. Намаздан, оразадан, жыныстық қатынастан, мешітке кіруден, Кағбаны тәуәп етуден (зиярат), Құран оқудан, оны ұстаудан (қапшықпен дұрыс) бас тартып, тоқтата тұру керек. Хайыздағыдай намаз қазасын оқымайды, ал ұсталмаған оразаларының қазасын өтейді.

С: Бір анадан егіз бала туылса, нифас етеккірі қайссынан басталады?

Ж: Имам Әбу Ханифа бірінші баладан, ал Әбу Юсуф пен Мұхаммед (рахимаһумуллаһтар) екінші  баладан деп санайды.

С: Туылатын баланы әйелдің ішін жарып алса, ол әйел нифас үкімдері жүреме?

Ж: Әйел жатырынан қан келсе, нифас саналып, оған оның үкімдері жүреді. Ал жатырдан қан келмесе, басқа жарақаттар сияқты жара үкімінде болады.

С: Табиғи жолмен туған әйелден қан келмесе, туғаны үшін нифас кіреме?

Ж: Иә, ол нифас саналады. Алайда, қан келмегендіктен оған уақытты өткізбей ғұсыл алып, оразасын, намазын өтеу парыз.

С: Түсік тастаған әйел нифасқа айналама?

Ж: Иә. Түсіктен қол, аяқ, саусақ, тырнақ, шаш сияқты дене мүшелерінің кейбірі байқалса, нифас. Ал байқалмаса ол жатырдан аққан жәй қанға жатады. Ол қан үш күн, үш түн жалғасып, кейін тоқтаса демек хайыз етеккірі. Мұнан басқасы истихаза етеккірі саналады.

С: Нифас етеккірі күндерінің ішінде пайда болған пәктік (тазалық мерзімі, яғни қан келмей қалса) туралы не айтасыз?

Ж: Қырық күннің ішінде немесе әдеттегі нифас қаны арасына араласқан пәктік (тазалық мерзімі, яғни қан келмей қалса) нифас үкіміне жатады.

С: Истихаза етеккіріқандай қан?

Ж: Истихаза етеккірі қаны деп түрлі жағдайда келген қан түрін айтады. Олар төмендегіше:

  1. Үш күнге жетпей тоқтаған қан.
  2. Әдеттегіше немесе он күннен астам уақыт бойы келетін қан.
  3. Бірінші рет көрінген қан әйелдің бойында он күннен артық келсе, оның он күнгісі хайызға , қалғаны истихаза қаны саналады. Мұндай көріністегі қан жылдап ақса да, оның әр айдағы он күні хайыз саналады.
  4. Жүкті әйелден аққан қан (нифас немесе хайыз емес истихаза).
  5. Жүкті әйел баласын туудан бұрын келген қан (нифас емес) истихаза.
  6. Әйел нифасы әдеттегіден немесе қырық күннен асса, қырық күннен өтіп кетсе, одан кейін келген қан истихаза қаны саналады.
  7. Алғашқы рет босанған әйелден келген қан қырық күннен асса, қырық күні нифас, қалғаны истихаза етеккірі.
  8. Дене мүшелерінің кейбірі жетілмеген түсік тастаған әйелдің жатырынан келген қан хайыз емес, истихаза түріне жатады.

С: Истихазалы әйелдің үкімдері қалай?

Ж: Ол әйел таза деп саналады да, оған Құран кәрім оқуына, мешітке кіруіне, парыз, нәпіл оразаларын ұстауына, жыныстық қатынасқа баруына рұқсат етіледі. Истихаза қаны әйелдің сырқат болғандығынан келеді. Сондықтан, ол себебі бар адам саналып, үзірлінің үкімінде, яғни әр намаздың уақыты үшін арнайы дәрет алады. Уақыт намазға арнап алған дәретімен сол намаздың уақыты шыққанша уәжіп, нәпіл намаздарын оқи алады. Қашан намаз уақыты өткенде, дәреті бұзылады. Кейін қашан дәрет алса, оған қайтадан намаз оқуға, Қағбаны тәуәп етуге, Құран кәрімді ұстауға рұқсат етіледі.

Related Post

Тәуелсіздік біз үшін бәрінен қымбат!Тәуелсіздік біз үшін бәрінен қымбат!

Қай елде, қай мемлекетте болмасын, тұтастай даму тарихына үңілсек, азаттық үшін, бостандық үшін, тәуелсіздік үшін күрес ғасырлар бойы жалғасып келеді. Тәуелсіздік түгілі жерінен айырылған, отаны жоқ ұлттар бар. Сондықтан, тәуелсіздіктің қадірін

Волейбол спортынан жарыс өттіВолейбол спортынан жарыс өтті

Сарыағаш Медресе Колледжінде шәкірттердің достығы мен ынтымақтастығын арттыру және жастар арасында спорттың волейбол түрін дамыту мақсатында жарыс өтті, Жарысқа дене шынықтыру пәні мұғалімдері Сатимов Нурпеис пен Асанов Бауыржан төрешелік етті.Жарыс